Жыл басынан СҚО-да қашықтықтан жасалған 100-ден астам алаяқтық фактісі тіркелді

Жыл басынан СҚО-да қашықтықтан жасалған 100-ден астам алаяқтық фактісі тіркелді

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағында интернет-алаяқтықтың 100-ден астам фактісі тіркелді. Оның ішіндегі 31 фактіде қаскөйлер өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған. Кенеттен хабарласып, сенімді, сауатты және сыпайы сөйлейтін алаяқтар көп жағдайда өздерін белгілі «Халық» және «Каспи» банктерінің қызметкерлері деп таныстырады. 

СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Әлеуметтік желілерде алдын алу жұмысын жүргізу, қоғамдық орындарда және желілерде роликтерді таратумен қатар, сауда үйлерінде және басқа да қоғамдық орындарда жеке түсіндіру жұмысын жүргізу қолға алынған.

Бірер күн бұрын Петропавл қаласының солтүстік аумағында орналасқан бір ірі сауда үйінде қалалық прокуратураның қызметкерлерімен бірге акция өткізілді. Бутиктердің сатушылары, қала тұрғындары – погондағы адамдар сауда үйінде болғандарға жадынамалар мен кітапшаларды таратты.  Жедел уәкілдер қала тұрғындарына желідегі қылмыскерлердің қолданатын амал-тәсілдері туралы айтып берді. Азаматтар полицияның бастамасын қолдап, сауалдарын қойды, сондай-ақ өткізілген акцияға алғыстарын білдірді.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес криминалдың аталаған түріне қарсы іс-қимыл жасау және интернет-алаяқтықты ескерту бойынша жұмыс ұдайы бақылауда екенін атап кетті. Профилактикалық жұмысқа облыстық, қалалық және аудандық полиция бөліністерінің барлық жеке құрамы қатысады. Полицейлер облыс тұрғындарын және қонақтарын өздерінің жеке мәліметтеріне сақ болуға, төлем чектеріне, түбіртектеріне, материалдық құндылықтарына мұқият болуға және әлеуметтік желілерге демалыс орындарындағы фотосуреттерін, ақпараттарын салмауға кеңес береді. Банк карталарының реквизиттерін, логиндер мен құпия сөздерін, SMS кодтарын ешкімге беруге болмайды.

Егер сіз алаяқтардың құрбанына айналсаңыз, бірден полицияның «102» нөміріне, ІІМ ресми қосымшасына хабарласу немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге хат алмасудың скриншоты, ақша аударымдарының чектері, басқа да растайтын құжаттар болуы тиіс.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

31 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.