ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті бизнес-қауымдастықпен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылады.
Кездесуге Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов, "Атамекен" Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы, ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, сондай-ақ депутаттар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ қатысты.
Ауқымды іс-шараның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша бизнес саласында құқықтық сананы қалыптастыру және Тұжырымдама жобасы бойынша ұсыныстар жинау болды.
Басқарма басшысының орынбасары Гибат Кукатов өз сөзінде корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеу кезінде кәсіпкерлердің пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
"Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикалық сипатқа ие болып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Бүгінде біздің қызметіміздің акценті жүйелі проблемаларды шешуге ауысып, парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бизнес-қауымдастық бұл бастаманы шын жүректен қолдайды деп сенемін", - деп түйіндеді Г.Кукатов.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту бойынша әзірленген тәсілдер бақылау арқылы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға, мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігіне, бюджеттік процестердің транспаренттілігін қамтамасыз етуге, экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқартуға, мемлекеттік қызметтерді сапалы цифрландыруға, сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығына бағытталған.
Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар берді.
[xfvalue_img]
48 пікір