ШҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шығыс Қазақстанда облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша кеңейтілген кеңес өтті, онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының» жобасы жан-жақты талқыланды.
Іс-шара облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, депутаттар, бизнес өкілдері, квазимемлекеттік сектор басшыларының, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті.
Өз сөзінде облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Жалмағамбет әзірленіп жатқан «2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына» тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар нақты реформалар мен жобаларды қамтитын Тұжырымдама міндеттерінің 6 блогын талқылады. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, бизнеске корпоративтік әдеп арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру сияқты міндетті шешім бар.
«Тұжырымдамаға азаматтық қоғам, соның ішінде бизнес өкілдерінің ұсыныстары енгізілгенін атап өту маңызды. Стратегиялық құжатқа сіздердің ұсыныстарыңыз енгізілді, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудағы мемлекеттік компаниялардың үлестерінің қысқаруы, бір көзден сатып алу үшін негіздерді қысқарту және т. б.
Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын түбегейлі және кешенді жоюға бағытталған. Сана мен моральдық қағидаларды өзгертуге маңызды рөл берілді. Біздің мақсатымыз - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық барлық адамдар үшін материалдық жағынан тиімсіз болатын жағдайлар жасайды», - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы.
Бұдан басқа, Тұжырымдаманың негізгі бөлімдерін талқылау барысында бизнес-ортаға енгізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, бизнес-әріптестердің тізілімін енгізу, комплаенс-офицерлерді даярлау, контрагенттердің адалдығын бағалау, бизнес-өнімдерді ерікті таңбалау, «таза толқын» белгісінің қызметтері және т.б. сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларға ерекше назар аударылды.
Баяндамаларды талқылау аясында кеңеске қатысушылар банк, мемлекеттік сатып алу және басқа да салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарды атады.
Өткен іс-шара соңында ШҚО әкімдігінің басшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамаларын қолдай отырып, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
[xfvalue_img]
29 пікір