Мобильді топтар компьютерлік ойынға құмар адамдарды анықтауда
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының, әкімдік қызметкерлерінен, еріктілер мен полицейлерден құрылған мониторинг жүргізу тобы күн сайын карантин режимін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Елордалықтар қолданыстағы қаулыда көрсетілген бірқатар ескерту шараларын сақтамай, ойын-сауық мекемелеріне, компьютер клубтарына баруды тоқтатар емес.
Азаматтар санитарлық талаптарды елемей, мұның нәтижесі қандай жағдайға әкеп соқтыратынын ойламайды, сөйтіп қала тұрғындарына қауіп-қатер төндіруде.
Карантинге байланысты тыйым салынғанына қарамастан, мобильді топтар кеше сағат 23.20-да «Соник» компьютер клубында карантин режимін бұзу фактісін анықтады, оның ішінде 15 азамат болған.
Сондай-ақ, бүгін түнгі сағат 02.21-де виртуалдық ойынға құмар 30 адам «Маус» компьютер клубына жиналған. Келушілер әлеуметтік қашықтықты және санитарлық нормаларды сақтамаған.
Карантин режимін бұзушыларға қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін Тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.
Полицейлер азаматтармен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша карантин режимін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Тәртіп сақшылары азаматтарды көп адам жиналған орындарда, сауда үйлерінде, базарларда сақтық шараларын сақтауға, оған жауапкершілікпен қарауға, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті карантин режимін бұзған адамдардың қолданыстағы заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.
[xfvalue_img]