Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлы және департамент қызметкерлері «Сәбилер үйіне» барып, балаларға ақыл-ойын дамытатын құрастырғыш және алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге жылдам жүруге арналған ойыншықтар, жаялықтар, бірінші қажетті заттарды тарту етті.
Аталған мекемеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтары бар 1-4 жас аралығындағы 60 бала тәрбиеленуде.
«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады», - дейді дана халқымыз. Бүгін «Сәбилер үйіндегі» балаларға қажетті заттарды алып кеп тұрмыз. Балалар біздің болашағымыз. Балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін жағдайдың бәрін жасауымыз қажет. Бұл балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болады», - деді департамент бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев.
Айта кетерлік жайт, қайырымдылық акциясына департаменттің барлық қызметкерлері ат салысып, ақшалай қаражаттарын аударды.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]