ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1 миллиард теңге үнемдеді
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қазан айында "Бірыңғай сатып алу терезесі" жобасы аясында мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде 137 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды. Бұл туралы тікелей эфир барысында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Ж.Байділдин ANTIKOR.LIVE жобасы аясында айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының "Бірыңғай сатып алу терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы сатып алу мониторингі бойынша бірлескен жұмысы Жаңа алдын алу бағыттарының бірі болды. Ресурс бизнеске нарық көлемін көруге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін бірқатар факторлар:
- тауарлар бағасын көтерудің жүйелілігі;
- кең таралған тауарларға бағаны көтеру;
- жанар-жағар май материалдарын жоғары бағамен сатып алудың максималды көлемін жоспарлау;
- конкурс хабарландыруында латын әріптерімен кириллица әріптерінен тұратын сөздерді пайдалану;
Пандемия кезеңінде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс өзінің тиімділігін көрсетті. Өйткені портал арқылы жоспарланған сатып алуларды маңызды қызметке, жұмысқа немесе пандемиямен күресу үшін қажетті тауарларға жұмсауға болады.
Жалпы, 2020 жылғы ақпаннан бастап қайта қарау нәтижелері бойынша үнемдеу сомасы 1,116 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын құрады, олар бюджетке қайтарылды немесе оларға өзге де сатып алулар жүргізілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаменті
[xfvalue_img]