Тергеу мекемесіндегі сотталғандарға пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынды.
Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторында жаза мерзімінің аяқталуына 2-3 ай қалған сотталғандарға әлеуметтік –психологиялық көмек көрсету бағытында кездесу өтті. Кездесуге қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев, мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Қ.Олжабаев, аға психолог әділет аға лейтенанты А.Мырзалы қатысты. Кездесу барысында Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев сотталған азаматтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» ҚР Заңының талаптарын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Пробациялық бақылаудың мақсаты, оларға берілетін әлеуметтік- құқықтық көмек түрлері, түзеу мекемесінен шыққан соң Пробация қызметіне тіркелуі, сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндірді.
Содан соң, сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы жіті түсіндіріліп, қажет болған жағдайда медициналық,құқықтық көмекпен қайта білім алуда, кәсіпті игеруде және жұмысқа орналасуда туындаған жағдайлар бойынша көмекке жүгіне алатындығын айтып өтті. Қатысушы екі сотталғанның жоғары, ал бірінің орта білімі бар болғандықтан, қайта білім алып кәсіп игеру бойынша пробация қызметкері ұсынған көмектен бас тартты. Өйткені, бұл азаматтардың бас бостандығынан айырылғанға дейінгі жеке шаруашылық кәсібі бар болған. Мекеме қамауынан босап шыққаннан кейін сол кәсіптерін әрі қарай жалғастыратындығын айтты.
Кездесу соңында сотталғандар тарапынан сұрақтар да қойылды. Сұрақтардың басым көпшілігі медициналық көмек, мекенжай бойынша және облыс аумағынан шығу төңірегінде сұрақтар болды. Сотталған азаматтар қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
15 пікір