Қылмыстық іс жүргізуді цифрландыру жүзеге асырылуда
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотымен 2020 жылдың 9 айында әр түрлі тергеу әрекеттерін санкциялау туралы 103 материалды электронды түрде қарады.
Электрондық санкциялау қылмыстық қудалау органымен электронды форматта жүргізіліп отырылған қылмыстық істің шеңберінде жүзеге асырылады. PDF-құжаттардың кірістірілу не электрондық құжаттардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі Ақпараттық жүйеге енгізілу тәртібі, лауазымды тұлға тиісті процестік шешімдер мен әрекеттерді қабылдау жолымен, сондай-ақ, Электронды цифрлық қолтаңбамен қойылатын электрондық ақпараттық есеп құжаттарының қажетті реквизиттерін толтыруды жүзеге асыруды тұжырымдаудан тұрады.
Іс бойынша соттың санкциясымен жүзеге асырылатын тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттілігі туындаса, іс материалдары Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі Ақпараттық жүйеге электронды форматта сотқа жолданады. Бұдан әрі іс материалдары, персоналды компьютерде зерттеліп, қылмыстық қудалау органының ақпараттық жүйесінде көрінетін сот актісін электронды карточкаға енгізу арқылы іс материалдарын қағазсыз қарауға мүмкіндігін беретін «Төрелік» Ақпараттық жүйесіне түседі.
Электронды қылмыстық істің тиімділігі жеделдігінен, уақытты үнемдеуден, адам ресурстары мен бюджет қаражаттарының үнемділігінен тұрады, ең бастысы қылмыстық процесс қатысушыларының мүдделерімен құқықтарының қатаң сақталуымен жүргізіледі.
Нұргүл Қанатбаева
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы
[xfvalue_img]