Қылмыстық сот процестеріне аудармашылардың қатысу ерекшеліктері

Қылмыстық сот процестеріне аудармашылардың қатысу ерекшеліктері

 

Сот процестеріне аудармашылар қатысуы мүмкін. Себебі сотталушы, жәбірленуші өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың аудармашының көмегіне жүгінуге құқығы бар.

Сот процестеріне қатысатын аудармашыларға міндетті түрде аударма жасау үшiн білу қажет тiлдi меңгерген және күдікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот әрекеттерiне қатысуға тартылған, iске мүдделi емес адам аудармашы ретiнде шақырылады.

Ең алдымен, қылмыстық процестi жүргізетін орган адамды аудармашы етiп тағайындау туралы қаулы шығарады.

Қылмыстық сот процестеріне қатысатын аудармашының заңнамада бекітілген біршама құқықтары бар:

1) аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға;

2) жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу әрекеттерінің немесе өзге де процестік әрекеттердiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын ескертулер жасауға;

3) егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға;

4) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттерiне шағым келтіруге;

5) егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзінің тергеу әрекеттеріне және өзге де процестік әрекеттерге қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға;

6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқығы бар.

Заңнамаларда көзделген нақты құқықтары бар аудармашылардың, сәйкесінше, сот процесі барысында оған жүктелетін міндеттердің де бар екенін ескеру керек.    

1) қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;

2) өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға;

3) өзінің қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасымен бірге табыс етілетін процестік құжаттарда аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға;

4) аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жария етпеуге;

5) тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.

Дәлелді себептерсіз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн аудармашыға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Егер көрінеу дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауаптылықта болады. Аталған баптың қағидалары мылқау немесе саңырау адамдардың ым-белгiлерiн түсiнетiн және iс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшiн шақырылған адамға қолданылады. 

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының

№2 сотының жетекші маманы

Ақбота Құттыбаева

                                           

                                                                                                            

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.