Әдеп кодексі - мемлекеттік қызметкердің басты борышы
Мемлекеттік қызметкердің этикасы бұл өте өзекті мәселе.
Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Күнделікті өмірдің өз этикасы, әр қызметтің өз этикасы, белгілі бір ортаның өз этикасы, әр халықтың жеке этикасы және этикет принциптері болады. Этикетті сақтау қызмет бабында өте маңызды мәнге ие болып табылады.
Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы оның этикеті басты назарды аудартады. Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен тығыз жұмыс істейтіндіктен, аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс. Атқарылатын жұмыста аз емес. Сонымен қатар адамгершілік құндылықтар, адамға көмек беруге ұмтылу, әр жұмысына адал болу, тиянақты атқару және т.б. адамгершілік қасиеттері – оның басты этикалық құндылықтары болып табылады. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесін мен киімінің тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті, жүйелі түрде жеткізу және сөйлей білу – осылардың барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этикет жүйелеріне жатады.
Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексін ұстану міндетті. Оның ішінде қызметкер сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты болу тапсырылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметші жемқорлық фактісіне қатысты, қызметте қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады.
Мемлекеттік қызметші үнемі қоғам назарында жүретіндіктен. Мемлекеттің қызметші имиджі – ол мемлекет имиджінің ажырамас бөлігі. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік орган басшыларының өздерінің және бағыныстыларының мемлекеттік қызмет этикасы нормаларын сақтауы үшін жауапкершілігін арттыратынын атап өту қажет.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы
Уюмдасова Альмира Аскаровна
[xfvalue_img]
16 пікір