Әдеп жөніндегі уәкіл жаңадан тағайындалған мамандармен бейнебайланыс арқылы кездесті
Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары м.а. - әдеп жөніндегі уәкілі Темірниязова Эльвира Әбілқайырқызы мен Персоналды басқару бөлімінің басшысы Уразгалиева Ақтолқын Самарханқызының Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісімен жарияланған жалпы конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жаңадан тағайындалған қызметкерлермен бейнебайланыс арқылы арнайы кездесулері өтті.
Кездесуде сөз алған Э.Темірниязова ең алдымен мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, қызметкерлерге артылар міндеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі әдебі туралы хабарлама жасап, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге деген халық сенімін нығайту мәселелері жайында жан-жақты сөз қозғады. Бұдан өзге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа сатысы және ең алдымен, мемлекеттің және қоғам өмірінің түрлі салаларында осы қауіптің пайда болуы себеп-салдарының алдын алу бойынша мемлекеттік қызметшінің ұстанымдары мен жұмыс жүргізе білу қабілеті жайында ашып айтты.
Персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Уразгалиева жаңадан тағайындалған қызметкерлерге қызметте еңбек тәртібін қатаң сақтау қажет екендерін түсіндірді. Кездесу барысында жаңадан тағайындалған мамандар өз ойларымен бөлісіп, әдеп қағидасын орындау мемлекеттік қызметшілердің басты міндеттерінің бірі екенін ұғынып, оны үнемі қаперде ұстайтындарын да жеткізді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]