Карантин кезеңіндегі соттың жұмысы
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, карантин кезеңінде Орал қаласының №2 соты азаматтық істер материалдарды 100% онлайн түрде, әр тұлғаның жеке қауіпсіздігін, әлеуметтік қашықтығын сақтай отырып жұмыс жасауда.
Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, 2020 жылдың 01 – 15 шілдесі аралығында сотпен онлайн режимде «WhatsАpp», «TrueConf» мобилді бейнеконференцбайланысы арқылы 345 сот мәжілісі қаралды.
2020 жылдың 6 айында барлығы - 3993 азаматтық іс өндірістен аяқталған, оның ішінде - 2477 азаматтық іс бойынша шешім қабылданған, 295 азаматтық іс өндірістен тоқтатылып, 765 іс қараусыз қалдырылды, 179 іс медиация тәртібін қолданумен аяқталған.
Кіріс кеңсенің жұмысы да қашықтықтан, «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды форматта жүзеге асуды.
Сот қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында қатаң санитарлық талаптарды сақтайды.
Атап өту керек, сот ғимаратына қойылған шектеулерге қарамастан, әр азамат өзінің бұзылған құқығы мен заңды мүддесін сот арқылы қорғай алады. Бұл үшін бүгінгі таңда барлық қажетті мүмкіндіктер туғызылып отыр.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]
2 пікір