Дауды оңтайлы шешетін тараптардың өздері

Дауды оңтайлы шешетін тараптардың өздері

 

2011 жылдың 28 қаңтарында жария етілген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Осы заңның аясында істі  қарауға әзірлік кезеңінде медиацияны тараптарға түсіндіріп жеткізу соттарға міндеттелген. Сондай-ақ, Жоғарғы Сот төрағасының 2017 жылдың 26 қаңтардағы өкімімен «Жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша» пилоттық жобасы іске қосылды.

   Пилоттық жобаның мақсаты - даулардың (жанжалдардың) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот іс жүргізуіне енгізу болып табылады. Жобаның басты міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігі болып табылады.Үшінші бейтарап, дау-жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін медиация рәсімінде үшінші тарап ретінде медиатор танылады.

Медиация азаматтық еңбек, отбасылық қатынастар және заңда белгіленген басқада  жағдайлар бойынша, жеңіл және орта дәрежедегі қылмыстық істерді қарау барысында қолданылуда. Қазір әлем мемлекеттерінде медиация институты арқылы көптеген даулы мәселелерді бітімге келтіріп, оң шешім тауып жатыр және бұл тәжірибе біздің елімізде де қолданылуда.

    Дауды оңтайлы шешетін тараптардың өздері екенін қоғамға жеткізу жолында соттар тарапынан жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Солардың ең біріншісі ретінде түсіндіру жұмыстарын атап өтуге болады. Түсіндіру шараларының медиация институтын дамытуда берері мол. Олай дейтініміз, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау аталған институттың негізгі мақсаттарының бірі болып саналады

Медиация тараптарды татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Тараптар жазбаша келісім, шарты сотқа ұсынады сот оны бекітеді. Бөкей ордасы аудандық соты бойынша сот төрағасымен медиация заңы талаптарының аясында татуластыру рәсімдерінің халыққа кеңінен таралуына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.  Айтар болсақ 2020 жылдың 6 айында 11-азаматтық, 9 қылмыстық іс, 10 әкімшілік іс тараптарды  татуласу рәсімімен аяқталды.

 Жаңадан енгізілген азаматтық процестік кодекстің басты жаңашылықтарының бірі –татуласу рәсімдері. Бітімгершілік рәсімдерді қолдану шаралары  кеңейтіліп, медиация институты жетілдіріліп, партисипативтік рәсім жаңашылдыққа айналып, сот ісін жүргізу жеңілдеді. Енді кезкелген дауды қарамас бұрын судья тараптарға медиацияның артықшылықтарын, медиатор көмегіне жүгінуге мүмкіндігі барын түсіндіреді. Сот тәжірибесінде дауласушы тараптарды татуластыру мен келістіру рәсімдерінің қолдануы тиімді болып отыр.

 

Зияш Зайнуллина

Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі                                      

      

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.