Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өңіраралық өзара байланыс перспективаларын айқындады

Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өңіраралық өзара байланыс перспективаларын айқындады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық Азия мемлекеттері, Шығыс серіктестік елдері, Түркия және Еуропалық одақ арасындағы инфрақұрылымдық өзара байланыс күн тәртібін ілгерілетуге арналған министрлік кездесуге қатысты.

Іс-шараға ЕО мүше мемлекеттерінің, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдері мен Түркияның сыртқы істер министрлері қатысты.

Кездесу барысында көлік, цифрлық трансформация, энергетика және сауда салаларындағы өңіраралық өзара байланысты нығайтуға бағытталған практикалық қадамдар талқыланды.

Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын («Орта дәліз») дамыту, инфрақұрылым желілерін жаңғырту, қолжетімді «таза» энергиямен қамтамасыз ету және цифрлық трансформацияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген А. Исетов көлік саласының Қазақстан мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімде көзделген 29 басым бағыттың қатарына кіретінін атап өтті. Аталған Келісімге қол қойылғанына биыл желтоқсанда 10 жыл толатыны маңызды оқиға. Бұл құжат – Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда берік іргетасы.

Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика және негізгі транзиттік торап ретінде өзара байланыстылық күн тәртібін ілгерілетуде жетекші рөл атқарып отырғаны баса айтылды. Еуропалық серіктестерге соңғы онжылдықта көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға Қазақстан салған ауқымды инвестициялар (35 млрд АҚШ доллары) және іске асырылған жобалар, сондай-ақ осы бағыттағы алдағы жоспарлар таныстырылды.

Қазақстан өңірлік ынтымақтастық пен өңіраралық байланыстарды нығайтуға бағытталған практикалық шараларды әзірлеу мен іске асыруға белсенді қатысуға дайын екенін растады.

Кездесуге қатысушылар көлік, энергетика және цифрлық өзара байланысты дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға уағдаласты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.