Тараптардың бітімге келуі үшін жасалып жатқан қадамдар

Тараптардың бітімге келуі үшін жасалып жатқан қадамдар

Ата Заңымыздың басты қағидаларының бірі - ол отбасын қорғау және оны қолдау болып табылады. Статистикалық есепке сай, елімізде әрбір тіркелген некенің үшіншісі ажырасумен аяқталады екен. Ал бұның соңы ең алдымен екі ортадағы балалардың зардап шегуімен аяқталады. Толыққанды жанұяда өмір сүрмеген, яғни әке мен ананың тәрбиесін қатар көрмеген бала өмірде көп нәрседен қағылатыны түсінікті жайт. Отбасы бала тәрбиесінің ұясы болып саналады. Балаларымыздың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізер пайдасы көп. Жанұя арасындағы көптеген келеңсіз жағдайлардың салдарынан отбасының ырыс-ынтымағын қашыратын, елдің берекетін алатын, қоғамның тыныштығын бұзатын жәйттармен күнделікті өмірде бетпе-бет келіп отырамыз.

Отбасы заңдылығының сақталмауынан атадан балаға жалғасып келе жатқан көптеген асыл қасиеттеріміз жойылып, жеке бастың қамымен жүргенде жалпы адамзаттық құндылықтардан шеттеп кеткен ата-аналар саны өсуде, әрине ол әркімді де ойлантады. Жас ұрпақтың көзінше былапыт сөйлеу, ішкілікпен пен тәртіпсіздікке салыну бәзбіреулердің күнделікті дағдысына айналған. Ішкілікке салынған әке, безбүйрек ана атауларына көз де, құлақта үйрене бастады. Ерлі-зайыптылардың арасында ақшаға, байлыққа, мансапқа тәуелділері пайда болды.

Сондықтан өскелең ұрпақтың болашағын басты орынға қойып, елімізде ажырасудың салдарларын азайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға баса көңіл бөле отырып, Жоғарғы Соттың жетекшілігімен 2018 жылдан бері енгізілген «Отбасылық сот» жобасы шаңырақтың шайқалмауын мақсат еткен тиімді қадам болып табылады.  

Бүгінгі таңда дау-жанжалды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығына үлкен мән берілуде. Осы мақсатта татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту бағытындағы өзекті өзгерістер мен толықтырулар ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап қолданысқа енген Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген.

Атап айтқанда, енді сотпен талап қою арызын қабылдау сатысынан бастап татуластыру рәсімдерін қолдану жүзеге асырылатын болады.

Татуластыру рәсімдері жүргізілген жағдайда талап қою арызын қабылдау үшін 10 күндік мерзім белгіленіп отыр. Дау реттелген жағдайда судья талап қою арызын іс жүргізуге қабылдайды және тиісті келісімді бекітеді.

Бітімгершілік институтын дамыту, дауларды реттеудің балама әдістерін көбейту мақсатында енгізілетін толықтыруларға сәйкес дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге қатысушы тұлғалардың шеңбері кеңейді. Бүгінгі күнге дейін партисипативтік рәсім екі тараптың адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен жүзеге асырылып келген болса, енді қолданысқа енген заң нормаларына сай мұндай рәсімді адвокаттармен қатар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалардың қатысуымен жасауға жол беріледі. Сонымен бірге тараптарды апелляциялық және кассациялық сатыларында татуласу рәсіміне қатысу үшін шақыру, егер басқа адамдардың қатысуы дауды немесе жанжалды шешуге, реттеуге ықпал ететін болса, оларды медиация рәсіміне қатысу үшін шақыртуға болады.

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотымен 2019 жылдың 6 айы ішінде неке бұзу туралы 9 талап арыз түсіп, оның үшеуі медиативтік ортақ келісімге келіп, яғни татуласса, биылғы жылдың осы уақыт аралығында да неке бұзу жөнінде 9 арыз түсіп, оның төртеуі ортақ келісімге келіп, тараптар өзара татуласты. Сондықтан жоғарыда айтып өткендей, заңға енген өзгерістер, яғни  татуластыру рәсімдері жүргізілген жағдайда талап қою арызын қабылдау үшін 10 күндік мерзімнің белгіленуі ол арыз беруші мен жауапкердің өзара татуласып, белгілі бір келісімге келуі үшін жасалып отырған үлкен мүмкіндік болары сөзсіз.

 

Тамара Гумарова

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы                                                  

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.