Әлемді мейірім құтқарады

Әлемді мейірім құтқарады

 

«Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» дейді бабаларымыз. Бүгінгідей сындарлы сәтте де қиындықты тек ынтымақтың, бірліктің арқасында жеңеріміз анық. Төрт құбыласы түгел, дамудың даңғыл жолына түскен өркениетті елдердің өзі қазір емі жоқ пандемияның алдында дәрменсіздік танытып отыр. Күн емес, сәт сайын құбылып, мутацияға түскен жаңа індетке тосқауыл қою үшін барша ел қам-қарекет жасап, аурудың алдын алуға тырысуда.

Әрине, коронавирустың таралуына орай ескерту жасалып, төтенше жағдай енгізілгенде көпшіліктің бәрі жағдайға терең мән бере қоймағаны рас. Түрлі алыпқашты әңгімелер таратып, ауруды саяси ойынның белгісі ретінде көрсеткендер де аз болған жоқ. Содан болар карантиндік талаптар тиісті деңгейде орындалмады. Азаматтар оқшауланып, сырқаттың таралуына тосқауыл қоюдың орнына маска тағуға немқұрайды қарап, той-жиын өткізуін, жасырын басқосулар ұйымдастыруын жалғастыра берді. Қадағалау күшейтілсе де кафелерде жасырын қыз ұзатып, келін түсіру тыйылмады. Тіпті әкімшілік тарапынан салынған айыппұлдар да азаматтарға оң әсерін тигізе қоймайды. Салғырттықтың соңы сырқаттанушылар санын көбейтті.

Қазір қай өңірді, қай қаланы алсаңыз ауру өршіп тұр. Медицина мекемелері, дәрігерлер үлкен жүктемемен жұмыс істеуде. Ауру жұқтырған адамдар күн санап өсіп жатыр. Ауруды елемей, асқындырып алғандар қаншама? Әбден тығырыққа тірелгенде ауруханаға келген сырқаттардың өмірін сақтап қалу да оңай емес. Соның салдарынан мезгілсіз көз жұмып, ерте өмірмен қоштасып жатқандар қатары мол. Жақынынан, танысынан, әріптесінен көз жазып, белгісіз індетпен бетпе-бет келгенде ғана азаматтар жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсінуде. Карантиндік режим енгізілгенде сырқаттың егде адамдарға, созылмалы ауруы бар адамдарға теріс әсер ететін айтылып, сақтандырылған. Ал қазір коронавирустан тек қариялар көз жұмыс жатқан жоқ. Жастар да аурудың тырнағына ілінген. Бұл індеттің жасқа, жағдайға, мәнсап пен лауазымға қарамайтынын көрсетеді. Шындығында ауру адам таңдап жатқан жоқ. Өмір үшін күрескен, тәртіпке бағынған жандар ғана індетті жеңуге күш, қайрат тауып жатыр.

Бүгінгідей медицина дамыған, салауатты өмір салты қалыптасқан кезде адамдардың пандемиядан көз жұмуы жақсылықтың нышаны емес. Сондықтан әр мемлекет өз азаматтарын ажалдан арашалаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың амалын жасауда. Біздің елімізде де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайтадан карантиндік режим енгізілді. Бұл тәртіп енді тамыз айына дейін созылмақ. Азаматтар көп жиналатын орындар жабылып, той-жиын өткізуге тыйым салынды. Жұмыс мүмкіндігінше қашықтан жүргізілуде.

Дегенмен, дәл қазір індетке тегеурінді тосқауыл қою үшін азаматтардың санасын өзгерту керек. Бабаларымыз ешбір ауруды өз атымен атамаған. Мұның бәрі жамандық тарамасын деген ізгі ойдан туындаған. Сондықтан әлеуметтік желілерде індет туралы сенімсіз, дәйекесіз ақпарат таратудан бас тартқанымыз жөн.

Екіншіден, адам үрейленген сайын иммунитет азаяды. Мұны дәрігерлер де растап отыр. Егер сырқатты тұсаулағымыз келсе қаралы хабар таратып, нсыз да ауырып жатқан азаматтардың жүрегіне қорқыныш сыйламағанымыз жөн. Одан гөрі жақсы істер, жағымды жаңалықтармен көбірек бөлісейік! Қазір қаншама адам ауруға тосқауыл қою үшін өз қалтасынан ақша шығарып, ем алып жатқандарға көмек қолын созуда. Әлемді мейірім құтқаратынын ұмытпайық!

Үшіншіден, бұл індет барды бағалауға, жақынымызға үнемі көңіл бөлуге үйретті. Осындай қиын кезде тек өз басыңызды күйттемей, жақындарыңыздың, туыстарыңыздың, әріптестеріңіздің жағдайын сұрап, халін білуге уақыт тапқанымыз жөн. Жалғызілікті жандардың аурудан емес, жылы сөздің жетпеуінен ауыруына жол бермейік!

Ең бастысы, мемлекет басшысы айтқандай бәріміз оқшаулану талабын сақтайық! Қауіпсіздікке мән берейік!

 

Марина Сахипова

Орал қаласының №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.