Кәмелетке толмаған баласы үшін ата-ананың жауапкершілігі
Кім баласын жаман болсын дейді, Барын аузына тосып, бағып-қағып киіндіріп, қатарынан қалдырмауға тырысады емес пе? Балапаны үшін торғайда шыр-шыр етіп ұясына жақындап қалған жыланға айбат шекпейме, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі міндеті екені ҚР Конститутциясының 27-бабының 2-бөлігінде айқын жазылған. Ал, ҚР Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 70 бабының 2-бөлігінде ата-аналардың баланың дене бітімі психикалық адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қаматамасыз ету үшін жауаптылықта болатыны көрсетілген. Өкінішке орай ауданымызда бұл талаптарды орындамайтын ата-аналарда бар екен. Қайсыбірі балаларының жай-күйіне көңілі болмай бетімен жіберсе, кейбірі ұрып-соғып, зәбір көрсететіні қынжылтады. Оларға білім ошақтары заң орындары, әкімшілік қызметкерлері ескерту жасап, үгіт-насихат жүргізгендерімен шеттен шыққандарының ісі сотта қаралуда. Оған 2019 жылы ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны жөнінде 2 әкімшілік іс, ал биылғы жылдың алты айында кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті үшін 3 әкімшілік істің аудандық сотта қаралуы дәлел. Статистикалық дерекке қарағанда істер саны өсіп отыр.
Құқық бұзушы деп танылғандардың бірі сайқындық А.С. есімді келіншек көршілес тұратын анасы Г.С. –ның үйінде өзінен екі мүшел үлкен ер адаммен арақ ішеді. Қызып алған соң ыдыс-аяқты, терезені сындырып, қасында жүрген қызына (19.04.2017 жылы туған ) қол жұмсайды. Сот мәжілісінде қатысқан аудандық қорғаншы және қамқоршы органы өкілі құқықбұзушының А.С. ішімдікке әуестігін, оның тәртібі кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралғанын айтып заңға сай шара қолдануды сұрады.
Әкімшілік жазалау шарасын таңдауда сот ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігін негізге алып, яғни он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамаққа алуды қолдануды болмайтынын ескеріп, 12 372 теңге 50 тиын мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.
Бөрлі ауылының тұрғыны Н.Оразаев баласы Аңсарды (21.06.2006 жылы туған ) демалыс күні інісінің қыстағына қой бағуға көмекке жібереді. Ірі –қара малдарын қайыруға бара жатқан Ө.Оразаев інісі Аңсарға мотоциклді қозғама деп, шегелеп тапсырсада, бала ағасы көзден таса болысымен, от алдырып айдап шығады. Алайда рульге ие бола алмай аударылып ауыр жарақаттанады. Жол көлік оқиғасына кінәлі Аңсар кәмелетке толмағандықтан оның орынына әкесі Н.Оразаев жазаға тартылды (әкімшілік қамауға алынды). Сондай-ақ сайқындық Б.Сагынгалиев Бөрлі ауылдық округіне қарасты Саламат қыстағының тұрғыны У.Карагойшин балалары үшін сот алдында қызаруға тура келді. Б.Сагынгалиев баласы мектептесінің велосипедін, ал У.Карагойшин көршісінің ұялы телефонын ұрлап әр-қайсысы 35 350 теңгеден әкімшілік айыппұл төледі. Ұлы Абай айтқан баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік деп. Ұрпақтың теріс жолға түсуі тәрбиенің кемдігі. Жас баланы, жас тоғанға теңдемеушіме еді бұрынғылар. Күтіп баптамасаң терек қисық болып өседі. Бағаусыз, тыйусыз бала, бетімен кетіп, өскен соң өкіндірмесі үшін, осы күннен тәрбиесіне жіті көңіл бөлген абзал.
Гулжихан Сағитова
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы аудандық сотының төрағасы
[xfvalue_img]
28 пікір