Халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары.
23.05.2019 жылы Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот төрелігінің 7 түйіні,» «Үлгілі сот» жобаларының аясында салтанатты түрде фронт-офис ашылды.
Фронт офис ашудың басты мақсаты сотқа келушілерге қолайлы және қолжетімді жағдай жасау және сот жұмысының кедергісіз принципін қамтамасыз ету.
Фронт-офис ақпараттық орталықты, күту залын, құжаттарды тапсыру және қабылдауға арналған кеңсені, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын, сот отырыстары туралы ақпараты бар стенділерді қамтамасыз етеді.
Фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталған. Офистің көп бөлігін ашық кеңістік құрайды, оның іші «кедергісіз қағидат» бойынша көзге жайлы жасыл-ақ түстегі хай-тек стилінде безендірілген. Бұлайша рәсімдеу сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Медиаторлар мен адвокаттар үшін жеке кабинеттер жабдықталған. Азаматтардың барынша қолжетімділігін және тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін жаңғырту аясында аудандық соттарының қызметі одан әрі жетілдіріле түсуде, сондай-ақ сот ісін жүргізуде жаңа технологиялар енгізілуде. Фронт-офис бірінші қабатта орналасқан.
Келушілер өздеріне өздері қызмет көрсететін бөлімшедегі «Сот кабинетінде» қызметін пайдаланып, телефондарын да қуаттап алады.
А.Галлемова
БҚО МАЭС бас маманы –сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]