Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен аяқталған келесі істер бойынша сот үкімдері
15 үкім шықты, оның 2-еуі жеделдетілген өндіріс тәртібінде аяқталған, төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзу арқылы пара алу фактісі (ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау инспекциясының басшысы мен Шымкент қ. Полиция департаментінің инспекторы).
Мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялардың 5 басшысы, білім беру мекемелерінің 4 бухгалтері, ішкі істер органдарының 2 қызметкері, 3 пара беруші сотталды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет а.ж. ақпанда «Зак Сервис» ЖШС директоры Р.П.Киреевке қатысты 2011-2012жж. Өскемен қаласының білім беру нысандарының құрылысы жұмыстарын орындау барысында (тапсырыс беруші ҚР БҒМ) алдау арқылы 1 млрд. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.
А.ж. 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен кінәсін мойындау туралы мәмілеге келу түріндегі процессуалдық келісім жасалғаннан кейін Киреев 6 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Бұл сотқа дейінгі тергеу осыған дейін Киреевке халықаралық іздеу жариялауға байланысты (2015 жылдың тамызынан бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін) 2017 жылы сотталған ҚР БҒМ бұрынғы вице-министрі С.Б.Шаяхметовке және «ДСО ОН РК» ЖШС директоры А.В.Пакқа қатысты (орындалмаған жұмыстарды қабылдаған) қылмыстық істен бөлінген болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген кешенді жедел-іздестіру шараларымен 5 жыл бойы іздеуде болған (2015-тен 2020 жылға дейін) Киреев Қазақстан Республикасынан тыс жерден табылып, 2020 жылы республика территориясына қайтарылды.
- Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін 2020 жылы 15 сәуірде елдегі төтенше жағдай кезінде лауазымды тұлға бола тұра кәсіпорынның 10 жүк автокөлігінің Алматы қаласының территориясында кедергісіз қозғалысы үшін ЖШС атқарушы директорынан 330 мың теңге (бір автокөлікке 33 000 теңгеден) өзі пара алған ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Х.Т.Петралиевке қатысты қылмыстық істі кінәсін толық мойындауға байланысты жеделдетілген өндіріс тәртібінде сотқа жолдады.
Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының үкімімен Х.Т.Петралиев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен 9 900 мың теңге айыппұлға сотталды.
- 05.2020 жылы Алматы қаласының Алматы аудандық сотының үкімімен «Транстелеком» АҚ Президенті А.Б.Насенов 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (3 жыл бойы материалдық-жауапты лауазым атқару құқығынан айырумен) ҚК 189 бабының 3б., 1 тармағы бойынша.
Насенов осыған дейін «КТ&Т» ЖШС-мен заңсыз консорциалдық келісім жасау арқылы мемлекеттік қаражатты жұмсау және 2,1 млрд. теңге сомасында қаражатты төлеуде күдікке ілінген болатын.
- 05.2020 Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК «Еңбек-Ақтөбе» филиалының директоры О.Е.Жанұзақов ҚР ІІМ ҚАЖК «КА-168/1 мекемесі» РММ нысанында инженерлік-техникалық құралдарды күрделі жөндеуге бөлінген 5 млн теңгеге жуық (4 909 717 теңге) бюджет қаражатын жымқыруда кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
- 05.2020 Ақмола гарнизонының Әскери сотының үкімімен жалған құжаттар жасау және өзінің карточкалық есепшотына негізсіз аудару жолымен аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыруда күдікті болған ҚР Ұлттық гвардиясының Әскери институтының есептік үстелі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.С.Әбілмәжінова жалған құжаттар жасау арқылы аса ірі көлемде алаяқтық жасауда кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
- 05.2020 жылы ШҚО Глубокое аудандық сотының үкімімен қызметтік жағдайын пайдаланып, бюджет қаражатын ұрлаған «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бухгалтері С.К.Шуршутова 4 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
- 05.2020 жылы ШҚО Семей қаласының №2 сотының үкімімен жеке карточкалық есепшотына бюджет қаражатын заңсыз аудару арқылы жымқырғаны үшін (1 205 595 теңге) «Семей қаласының №39 жалпы білім беру мектебі» ҚММ бас бухгалтері Ж.К.Әділбекова 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.
- 05.2020 жылы ШҚО Бесқарағай аудандық сотының үкімімен қызметтік жағдайын пайдаланып, бірнеше рет жымқырғаны үшін (1 277 677 теңге) «Белокамень негізгі мектебі» ҚММ бухгалтері С.В.Асылханова 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталды (жас баласы болғандықтан 5 жылға кейін шегеру).
- 05.2020 жылы Риддер қалалық сотының үкімімен «Риддер қ. Жастар ресурстық орталығы» ҚММ бухгалтері Л.Н.Артамонова бюджет қаражатын жымқырғаны үшін (784 338 теңге) 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (жас баласының болуына байланысты жазаны 3 жылға кейін шегерумен).
- 05.2020 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен 22.04.2020 жылы елдегі төтенше жағдай кезінде Жангелдин көшесі бойындағы ішкі тосқауыл бекет арқылы рұқсат құжаттарсыз кедергісіз өту және ӘҚК 476 бабының 9 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін (төтенше жағдай режимін бұзу) ЖШС өкілінен 25 мың теңге сомасында пара алған Шымкент қаласының Полиция департаментінің жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы С.Е.Махат 750 мың теңге айыппұлға сотталды.
- 05.2020 жылы Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің төтенше жағдай жөніндегі бөлімінің аға инженері Е.Б. Бекболатов пара алуда кінәлі деп танылып, оған азаматтық қорғаныстың «аға лейтенанты» арнайы атағынан айырумен 475 мың теңге сомасындағы айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыған дейін тексеру комиссиясының оң шешімін шығару сылтауымен алдау арқылы 20 мың теңге сомасындағы қаражатты иемденген Кентау қаласының "Дәуір" балабақшасының меңгерушісі Г.Баетоваға қатысты 1424 Call-орталығына түскен хабарлама бойынша басталған қылмыстық істі сотқа жолдаған болатын.
11.05.2020 жылы Түркістан облысының Кентау қалалық сотының үкімімен Баетова алаяқтық жасауға әрекеті үшін 150 мың теңге айыппұлға сотталды.
- 2020 жылдың 25 және 26 мамырында БҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының инспекторларына жол қозғалысы тәртібін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында пара бергені үшін А.Г.Панов (50 мың теңге), Д.Б.Мүсралиев (20 мың теңге) және Т.М.Тамашев (20 мың теңге) сотталды.
Жоғарыдағы үкіммен сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.
[xfvalue_img]
33 пікір