Көлікті жүйелі түрде мас күйінде басқару бас бостандығынан айыру жазасына әкелді.
2019 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Президенті Жолдауын орындау мақсатында «кейбір қылмыстық, қылмыстық-процестік және жеке тұлғаны қорғауды күшейту заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Теректі аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 346 1 бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі» бойынша қылмыстық іс қаралды
Іс материалдарына сай, Б.есімді азамат бұрын автокөлікті алкогольді мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі мәрте сотпен арнайы көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла тұра үкімі кесілсе де, тағы да сот алдына осы баппен келді.
Жаза тағайындау барысында сот, құқық бұзушылықтың қоғамға деген қауіпін, құқық бұзушылықтың төтенше жағдай кезінде жасалғандығын, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жайлар жоқ екенін ескере отыра, сондай-ақ, сотталған тиісті түйін жасамайтынын назарға алып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырып өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]