Пробация қызметінде есепте тұратын азаматтар игі іс жасады
Қазіргі таңда Байқоңыр қалалық пробация қызметінде 101 азамат есепте тұр. Осы азаматтардың арасынан шыққан еріктілер, «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің еріктілері қатарына қосылып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, оларға азық-түлік себеттерін сыйлап, бүгінгі бейбіт күн, ашық аспанымыз үшін алғыстарын білдірді.
Байқоңыр қаласының тұрғыны, тыл ардагері Кішкенеева Күнзила әжемізді құттықтап, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 75 жыл төсбелгісімен марапаттап, сыйлықтарын табыстады. Күнзила әжеміз Отан үшін, Жеңіс үшін тылда жүріп, күн- түн демей, аянбай еңбек етіп, Ұлы Жеңіске қосқан үлесін жастарға баяндап берді. Біздің көрген қиыншылығымызды сендер жастар көрмеңдер, келешек сендердікі, елге адал қызмет етіңдер деп ақ батасын беріп, алғысын айтты.
А. Танбаев
Байқоңыр қалалық пробация
қызметі бөлімінің бастығы
әділет капитаны
[xfvalue_img]