Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықты нығайту туралы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың басым бағыттары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып айқындалды.
Сондай-ақ қараша айындағы заңнамалық түзетулер ескеріле отырып, саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкасы институтын іске асыру мониторингі және тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелеріндегі өзара
іс-қимыл тетіктері анықталды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басшылардың бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар қамтамасыз етілетін болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы 26 қарашада «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Енгізілген институттың іске асырылуын мониторингілеу және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі белгіленді.
Уәкілетті органдарда атап өткендей, аталған Меморандумға қол қою басшылардың қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі туралы нормаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]