«Сот кабинеті» және оның мүмкіндіктерін пайдалану заман талабы
Мемлекеттік биліктің дербес саласы - сот билігінің Қазақстанның саяси өміріндегі орны мен маңызы зор. Елбасымыздың қолдауы және сындарлы саясатының арқасында бүгінде сот саласы күннен күнге дамып келеді. Уақыт өте электрондық қызметке сұраныс артып, халықтың сауаттылғы жоғарлауда.
Сот органдарының қолжетімділігі мен ашықтығын жеңілдету мақсатында 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттының ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулерін жеңілдету үшін «Сот кабинеті» электрондық жобасы іске қосылды.
«Сот кабинеті» сервисінің қағаз құжат айналымынан артықшылығы көп. Онда талап арызды, сот хаттамасын сұрату туралы өтініштерді электронды түрде жедел тапсыру мүмкіндіктері, электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы электронды бақылау өндірісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданушының кез-келген жерден интернет арқылы мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеу мүмкіншіліктері бар.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисі ұялы телефондарда да қолжетімді, онлайн портал сервис қосымшасымен сәйкестендірілген, белсенді жаңалықтарды қарауға, сот отырыстарының тізімін, істің қаралу барысын және жолданған құжаттарды, сот отырыстары туралы мағлұматтарды көрсететін сот процестеріне қатысушыларының күнтізбесі секілді көптеген функционалдары бар. Мобильді қосымшаны қолданушылар бір-бірімен «чат» режимінде мәтіндік хабарламалармен алмасып қана қоймай, әлеуметтік желідегі жаңалықтарымен бөлісе алады.
Бүгінгі таңда сот кабинеті сервисіне сұраныс күннен күнге артып келеді. Оны пайдаланушылар арасында жүргізілген арнайы сауалнама қорытындыларынан байқауға болады. «Сот кабинеті» электронды сервисі іске қосылғаннан бері, қолданушылар тиімділігі мен оңталылығын бағалауда.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты қол жеткізілген жетістіктер мен тоқтап қалмай, сот ісін жүргізу процесін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша ізденісті жетілдіруде.
Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маманы Н.Жампоз
[xfvalue_img]