Ювеналды сотпен коронавирустың таралмауын болдырмау үшін жұмыс жүргізілді
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемдік ауқымдағы пандемияның жариялауына байланысты төтенше жағдай енгізілді.
Жамбыл облысы ювеналды сотының ғимаратында жұмыс уақытынан тыс уақытта вирустық инфекцияның жұғуы мен таралуының алдын алу мақсатында соттың барлық ғимараты ішінде және сыртында дезинфекция жасалды.
Жұмыс уақыты ішінде сот ғимаратына бес рет ылғалдандыру арқылы дезинфекциялық тазалау жүргізіледі. Соттың мамандары мен судьялардың кабинеттерінде, сотқа кіре беріс жерде, сот залдарында дезинфекциялау құралдары орналасқан. Мекеменің барлық қызметкерлері медициналық бетперделер мен қолғаптар түрінде қорғаныс құралдарын қолдануда.
Профилактикалық іс-шаралар ретінде шақырылған медицина қызметкерлерін пандемиядан қалай дұрыс сақтау керектігін түсіндіру үшін сот ұжымымен сұхбат әңгіме өткізді.
Бірлескен ынтымақтастық негізінде, медицина қызметкерлері осы пандемия аяқталғанға дейін мекеме қоғамдық орта болып саналатындықтан, жұмыс күндері сот ұжымын жұмысқа жіберу үшін олардың температураларын өлшеу арқылы тексеріп отырады.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]