Көңіл көтеру орындары мен минимаркеттердің иелері Қазақстан Республикасының төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты уәкілетті органдар өкілдерінен құралған комиссия Орал қаласында ойын-сауық ғимараттары мен дүкендерін төтенше жағдай талаптарының сақталуын тексерді.
Біздің еліміз тұрғындарының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайдың ауырлығына және барлық тыйымдарға қарамастан қарамастан, аталған мекемелердің иелері болып табылатын кейбір азаматтардың өз қызметкерлеріне де, басқа азаматтарға да вирустың жұқтырылу қаупін төндіріп, жұмысын жалғастыруда екендігі анықталды.
Осылайша, қалада тек екі күн ішінде, 2020 жылдың 24-25 наурызында, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 12 істі қарады.
12 істен 8 (2 әйел, 6 ерлер) тұлға 3 күннен 10 күнге дейін әкімшілік қамауға тартылды. Қалған тұлғаларға отбасы жағдайы байланысты түрлі себептермен 10 АЕК айыппұл салынды.
Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 2 бұйрығына сәйкес ауданы 2000 шаршы метрден кем емес сауда нысандарының жұмысы 09: 00-ден 21: 00-ге дейін шектелген, ол барлық интернет-ресурстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Орал қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы
Мағауия Құрмашев
[xfvalue_img]
1 пікір