Бәрінеде сыйлы болған заңгер апамыз
Сот жұмысы сырт қараған адамға жеңіл көрінеді, алайда әр саланың жұмыс барысын атқара білу үлкен жауапкершілік танытады.
Жайдарлы мінезі, ақылдығы үлкен- кішіге сыйлы болып сот саласында қызмет атқарған Бақыт апамыз туралы біле жүргеніңізді жөн санадым.
Сайқын ауылының тұрғыны Камалова Бақыт Мұхтарқызы 1989 жылы сырттай Талдықорған қалысының заңгерлік техникумын бітірген бойда, 1990-1995 жылдары ауданымызда нотариус болып қызмет атқарған, 1996 жылы Орда аудандық сотының хатшы қызметін атқарып, 2005 жылы сот хатшысы қызметін атқарып зейнеткерлік жасқа шықты. Бақыт апамыз өз жұмысын өте жақсы көретін, заңгерлік білімін шыңдай отырып, жас мамандарға өзінің тәжірибесі мен қамқорлығын көрсете білді. Қазіргі уақытта Бақыт апамыздың екі қыз, бір ұл тәрбиелеп немере, жиен сүйіп отырған жан, жұбайы Жаңбырбай ағамыз екеуі елге сыйлы отбасылар. Заңгерлік білімімен Бақыт апамыз өз жұмысына тиянақты, әр ісіне үлкен жауапкершілік танытып, қойылып отырған талаптардың бәріне күш жігерін салып қызмет атқаратын, жұмыстастарына көмегін, ақылын аянбайтын жан.
Аудандық сотта 2004 жылдары компьютермен жұмыс жасауды қолға алып, оқып үйрену болатын, сол кезде Бақыт апамыз мен үлкенмін деген емес, жастармен бірге осы компьютерді жақсы меңгеріп алды, тіпті айтуға қызығы статистикалық есепті жатқа біліп отыратын, қандай істі қалай қарап бітіргенін, ол кісінің әр істің категориясында бөліп айтып отыратын. Ол кезде сот хатшыларынң жұмысы тек қағаз жазбасы болсада, қаралған істер бойынша хаттамаларын, орындау құжаттарын уақытылы бітіріп отыратын.
Бақыт апамыз бірнеше судьялармен қызмет атқарып, ол кісілердің атқарған жұмыстарын, біліктіліктерін айтып отыратын, сендер жастарсыңдар үнемі оқыңдар, жұмыс жасаңдар судья болығдар, -деп ақыл беретін.
Алдымызда келе жатырған көктем мейрамы Сізге күн нұрын төксін, отбасыңыз аман болып, денсаулық, жүзіңізден күлкі кетпей әдемі болып жүре беруіңізге тілектеспіз.
Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Зияш .Зайнуллина
[xfvalue_img]