Мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерден басталуы тиіс

Мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерден басталуы тиіс

Тіл-ұлттың басты негізі, белгісі. Әр мемлекеттің өзінің ата заңымен белгіленген тілі болатыны сізбен бізге мәлім. Ата заңымыздың 7 бабының 1 бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп көрсетілген. Мемлекеттік тілді сыйлау, құрметтеу ол мемлекетті де, отанды да сыйлау дегенді білдіреді. Қазақ тілі - аса бай, көркем тіл, әрі түркі тілдерінің ішіндегі сөздік қоры ең үлкен тіл ғана емес, сонымен қатар ең таза тілдердің бірі.Мемлекеттік тіл дегеніміз ол – ұлттың, мелкеттің бір ірге тасы секілді, оның ең асыл құндылығы. Ұлттың, мемлкеттің бар екендігін айқындайтын бірден-бір дәлелі. Ел үшін тілінен қымбат еш нәрсе болмауы тиіс. 

  Қазіргі таңда қоғамда өзге тілде сөйлесу белең алып бара жатыр, және тағы да бір айта кететін жәйт жеке меншік мекемелерде де тіпті мемлекеттік мекемелерде де азаматтарға қызмет басқа тілде көрсетіліп жататындығын күнделікті өмірде кездестіріп жатамыз. Мүмкін ақпарат алушы тұлға өзге тілді түсінбеуі мүмкін. Ал бұл өзгенің құқығын шектеумен пара-пар. Яғни бұл дегеніміз өрескел заң бұзушылық. Қызметкерлер осындай іс-әрекеттерімен мемлекеттік тілге деген сыйламаушылықтарын білдірген болып есептеледі.

Міне, сол себептен мемлекеттік тілді дәріптеуде, оның дамуына үлес қосуда маңызды басты рөлді мемлекеттік қызметкерлер  атқарады десек те артық емес шығар. Себебі іс-қағаздарын жүргізу барысында құжаттарда мемлекеттік тілді түсінікті әрі қателіктер жібермей дұрыс, айқын жазу да өте маңызды. Халықпен байланысу барысында мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілге деген құрметінің, жауапкершілігінің қаншалықты екенін көрсетеді.  

Осыған байланысты Мемлекеттік органдарда, мекемелерде  мемлекеттік тілімізді құрметтеп, насихаттау мақсатында көптеген дәріптеу  іс-шаралары үзілмей жүргізіліп келеді. Тілімізді дамытуды және үнемі қолданыста болуын сақтау мақсатында қазіргі таңда барлық мемлекеттік мекемелер арасында ілеспе хаттар мен ресми құжаттар, іс жүргізу мемлекеттік тілде яғни қазақ тілінде жүргізіліп жатыр.

Иә, Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет, дегенмен мемлекеттік тіліміз ол-қазақ тілі. Сондықтан да біз қазақ тілін сыйлауды және кеңінен қолданылуын дәріптеуіміз қажет. Тіл болмаған жерде  мемлекет те болмайды. Тіл дегеніміз мемлекеттің бірден-бір байлығы. Елімізде, қазақ жерінде қазақ тілі- өркендеуі қажет, ол үшін әр-біріміз өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

 Тақырыбымның өзі айтып тұрғандай мемлекеттік тілді білу- мемлекеттік қызметкерден басталуы тиіс. Жәй ғана патриотпын деп айтып қана қоймай, шын мәнінде іспен дәлелдеуге  тырысуымыз қажет. Сол себептен өзімнің әріптестеріммен барша мемлекеттік қызметкерлерді, отандастарымызды мемлекеттік тілге барынша құрмет көрсетуге шақырамын!

 

 А.Айтжанова  

Ақтөбе қаласы мамандандырылған      

тергеу сотының жетекші маманы                        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.