Билермен қысқартылған даулар көбеюде.
Өткен 2019 жылы Жуалы ауданының билер Кеңесінің мүшелеріне табысты жыл болды деп айтуға болады.
2019 жылдың 12 айында аудан медиаторларымен сотқа дейін 32 дау шарлар шешілген, ал АІІБ-нің мәліметтеріне сай сотқа дейін 43 қылмыстық іс татуласумен тоқтатылған оның ішінде 5 іс медиация арқылы тоқтатылған.
Жуалы аудандық сотында 2019 жылы татуласу орталығы ашылып, ол жерде билер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен дауларды шешіліп жатыр.
Жуалы ауданы билер кеңесінің мүшесі Төбе би Тоқбергенов Сағындық, 25.10.2019 жылы Тараз қаласында өткен Жамбыл облысы бойынша билер кеңесінің жылдық қорытындысы бойынша жиналысына қатысып, Жамбыл облысының ең үздік билердің арасында 3 орынды иеленіп, 50 000 теңгеге сертификатын алды. Бұл бір жағынан билердің атқарып жатқан жұмысы жағынан біздің ауданымыздың мәртебесін тағы бір биікке көтеруге ықпал етеді. Қазіргі таңда әр ауылдық округтарда билердің 3 мүшесінен бекітілген, оны ауыл тұрғындары біледі.
Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық онша ауыр емес және орташа құқықбұзушылықтардың билердің көмегімен сотқа дейін шешуге әбден болатынын халық білу қажет. Оған мысалы көп даулар болып жатқан жер дауы, қарыз ақшаны алу, неке бұзу, еңбек даулары, отбасылық тұрмыстық құққыбұзушылықтар, онша ауыр емес, орташа ауырлық істерге жататын қылмыстық істер. Мемлекет тарапынан сотқа жеткізбей дауларды шешу мәселесіне қатты көңіл бөлініп жатыр.
Қазіргі таңда ауданымызда 47 билер кеңесінің мүшелері бар, Б.Момышұлы ауылы бойынша 5 билер кеңесінің мүшесі бар. Осы билер қазіргі таңда сотта болып жатқан қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істерге белсенді түрде қатысып дауларды тоқтатып жатыр. Әрине олар сотқа дейінде бір талай дауларды шешуде.
Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүние жүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.
Қазақтыӊ билері әділ шешімдерімен елді аузына қаратып, дауласқан екі тараптыӊ да көӊілінен шығатын жүйелі билігімен ел құрметіне бөленгендігін айту қажет. Билер даулы мәселелерді қарау кезінде барынша ашықтық принципті басшылыққа алып, тараптардыӊ мүмкіндігі нешектеу қоймай, екі жақты бітістіруге күш салған.
Қазақ қоғамында билердің даңқы әділ ісімен, тапқыр шешімдерімен ғана артқан. Қара қылды қақ жарған билердің атақ-абыройы бүкіл елге тарап, мыңдаған шақырымдардан даушылар іздеп келіп, төрелігін сұраған. Сол себепті, билер соты кәсіби тұрғыдан әбден шыңдалған, тәуелсіз сот билігі ретінде сақталып келді. «Тура биде туған жоқ» деген ұғым да осыдан қалса керек.
Бітімгершілікке келу үшін барлық жағдай жасалған, біріншіден дауласқандар жақтар Билерге жолығады, Билер болса екі тарапқа дауды сотсыз шешудің оңтайлы жолын тауып береді. Мысалы біреудің мүлкін ұрласа, немесе біреудің денсаулығына зиян келтірсе, егер ол қылмыстық істер онша ауыр емес, орташа ауырлыққа жататын болса, онда аталған қылмыстық істі сотқа дейін АІІБ-де Билердің қатысуымен шешуге толық мүмкіншілік бар екенін аудан тұрғындары білу қажет.
Халыққа мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік беріліп жатыр, бітімгершілік бүгінгі күнде дауларды, қақтығыстарды сотқа дейін шешудегі өте дұрыс жолдың бірі екенін тұрғындар білу керек.
Азаматтардың сотқа дейін бітімгершілікке келуіне аудандық сот, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі қолдау жасауға мүдделі, осыны аудан тұрғындары білу абзал!
Жуалы аудандық сотының
жетекші маманы
Болат Еркен.
[xfvalue_img]
21 пікір