Алимент әке болмайды

Алимент әке болмайды

 

         Елімізде неке бұзу деректері азаймай тұр. Соның кесірінен ажырасу бойынша Қазақстан әлемде оныншы орынға тұрақталған. Ажырасудың салдары ауыр. Себебі, ерлі-зайыптылардың екіге бөлінуі көптеген түйіткілдерге алып келеді.

         Некенің бұзылуы елдегі толық емес отбасылардың қатарын көбейтеді. Бір әйелдің тапқан-таянғанын талғажау еткен отбасында әлеуметтік мәселелердің етектен тартатыны бесенеден белгілі. Одан бөлек, «Бір әке берген тәрбиені он мектеп жабылып бере алмайды» дегендей, әкенің қамқорлығын, жылуын, қолдауын көрмеген балалардың жасық, сенімсіз болатынын да ұмытпауымыз керек. Бірақ, ашуға беріліп, асығыс шешім қабылдайтын ерлі-зайыптылар ажырасуды барлық мәселенің шешімі деп біледі.

         Ажырасушылар көп болған соң, алимент өндіруге қатысты даулардың да тыйылмайтыны түсінікті. Әрине, алимент әкенің орнын алмастыра алмайды. Мұны баланың ертеңін ойлаған ана да, әке де түсінуі керек. Өкініштісі, қазір баланы қару етіп, бір-бірінен есе қайтаратындар да кездеседі. Алиментті тұрақты төлеп тұрған әкелердің баласын көргісі келетіні, ұл-қызымен бірге уақыт өткізгісі келетіні қалыпты жағдай. Алайда, әкенің ықпалынан қорыққан, баласын қызғанған аналар кейде бұрынғы күйеуінің үйге келуіне қарсы болып, тыйым салып жатады. Мұндай солақай әрекеттен тағы да жапа шегетін балалар. Өйткені оларға ана қалай керек болса, әке де сондай қымбат. Үлкендер осыны түсінсе дейміз.

         Ал, енді туған баласына нәпақа төлеуден қашып, небір қитұрқылыққа баратын әкелер туралы сөз қозғаудың өзі артық. Мекенжайын ауыстырып, жұмыс орнын жасырып, нақты айлығын көрсетпеуді жөн көретін ондай жауапсыз жандарды баласының немен қоректеніп, қалай күн кешіп жатқаны қызықтырмайтын сияқты. Алиментті уақытында төлетіп, әкелерді жөнге салу мақсатында қоғамда қаншамаіс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Адамдар көп жүретін жерлерге, көше бойындағы үлкен экрандарға «Бала әкесін күтеді», «Алимент төлеуді ұмытпа!» деген мазмұндағы ескертулер тұрақты ілінуде. Бірақ, содан сабақ алып, бала алдындағы жауаптылығын орындағандар сирек.

 

Салтанат Курманбаева

Орал қалалық №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.