Құқық үстемдігі
Құқық үстемдігі болған жерде өркендеу бар. Құқықтық дамыған қоғамда экономикалық жетістіктер мен өмір сүру деңгейінің өсуі, елдегі бірлік пен келісімнің баяндылығы айқын көрініп тұрады.
Барлық мемлекеттік құрылымдардың қызметі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, әлеуметтік әділеттік, қоғамдағы құқықтық қатынастар және т.б. осы құқық үстемдігімен қатар өрбиді.
Құқық үстемдігін күн тәртібінде басты қағида етіп ұстанатын болсақ, ондай құқықтық мемлекетте саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасалады және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді. Құқық үстемдігімен барлық қызметін жүзеге асыратын құқықтық мемлекет - ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекет болып шығады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді: құқықтың басымдылығы; адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы; заң үстемдігі; мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы; азаматтық қоғамның орнауы; қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі; соттардың тәуелсіздігі.
Мемлекет басшысы ұсынған 100 нақты қадамнан тұратын «Ұлт Жоспарын» іске асыруға белсене кірісіп кетті. Бес институционалдық реформада кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру аясында Елбасы нақты міндеттерді белгіледі.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің екінші тарауына ерекше назар аударылды, оның негізгі аспектілері сот шешімдерінің сапасын жақсартуға арналған бірқатар ауыр шараларды жүзеге асыруға, дауларды шешудің арнайы тетігі ретінде әкімшілік сот төрелігін енгізуге және кінәсіздік презумпциясын толық сақтауға байланысты.
Ел болып жұдырықтай жұмылсақ, барлық істің өз шешімін табатыны белгілі. Саяси-құқықтық реформалардың үдерісінде үнемі жаңаруға дайын біздің қоғамда заң шығару - құқық үстемдігінің кепілдігі екені сөзсіз.
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданының
№2 аудандық сотының
кеңсе бас маманы
Г.Д.Джанглышбаева
[xfvalue_img]
7 пікір