Митинг туралы заңнаманы жетілдірудің мақсаты

Митинг туралы заңнаманы жетілдірудің мақсаты

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында митингтер туралы заңнаманы жетілдіруді тапсырды.

Президент Жолдау аясында Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар екендігін тілге тиек етті. Ол сондай-ақ, заңға қайшы, бұзақылық әрекеттерге заң шеңберінде  тосқауыл қойылатынын баса айтты. Жолдауда  заң аясында өтетін  бейбіт шерулерді өткізуге арнайы орын бөлінуі тиіс делінген.

Соңғы уақытта көптеген адамдардың арнайы жергілікті атқарушы органның тиісті  рұқсатынсыз  заңсыз шерулерге шығып, кейін заң шеңберінде  жауаптылыққа тартылып жатқандығының куәсі болып отырмыз. Бұл көріністің өзі  қарапайым халықтың заң  талаптарын дұрыс түсінбей, құқықтарын  тиісті түрде қолданбай,  сәйкесінше құқық бұзушылыққа  бой алдыруы болып табылады.

Қазақстан Конституциясының 32-бабында Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы, әрі бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін делінген. Алайда өзге заңдармен белгіленген талаптар да жоқ емес.

Жалпы, жиналыстардың барлық түрлері мен оларды өткізу тәртібі ҚР-ның «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» арнайы заңда көзделген.

Заңмен қарастырылған талаптарға сай алдымен жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы жергілікті атқарушы органға өтініш берілуі тиіс. Ал осы жиындарды нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты қоздыру мақсатында өткізу анықталған болса, жергілікті атқарушы орган  бұларды өткізуге тыйым салады. Осы жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi екенін де ұмытпаған абзал.

Аталмыш заңның 9-бабына сай,  жиналыстарды, митингілерді, шерулерді,  пикеттерді  және демонстрацияларды  ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

Бұдан бөлек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабында  заңнаманы  бұзғаны үшін ескертуден бастап 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік  жаза қарастырылған. Заңға көз жүгіртсек, жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды не өзге де көпшiлiк iс-шараны ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi келтіру, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, заңмен ескерту жасалады немесе 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады не 10 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады.

Ал 488-баптың 2-бөлігінде ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының санкцияланбаған жиналысқа, митингіге және өзге де шараларға қатысушыларға үй-жай не өзге де мүлiк беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар жасаса 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл түріндегі жазаға тартылады.

Осы іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталанып жасалса немесе ұйымдастырғаны үшін оған 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады не 15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алынады.

Қазақстан заңнамасы адамның әрбір іс-әрекетін реттейді. Көп жағдайда конституциялық құқықтарына сүйенген азаматтар заңды жетік білмегендіктен болар,  демократиялық қоғамда өз ойымды ашық жеткізуге құқылымын деген оймен, рұқсатсыз шерулерге, митингтерге шығып жатады. Ал заңнамада бейбіт жиналыстардың түсінігі, олардың нақты мақсаттары, межеленген  функциялы анық көрсетілмеген.  Осы тұрғыда адамдардың қандай-да бір жағдайда өз іс-әрекеті арқылы заң талаптарын бұзбас үшін  заң талаптары егжей-тегжей  көрсетілуі тиіс.

Бұдан бөлек, бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі Еуропа Кеңесінің ұсыныстарына сай болғаны дұрыс. Заңнама және Конституция талаптары бір-біріне қайшы келмеуі маңызды.

Жалпы бейбіт шерулер, жиналыстар және ұқсас шаралар  қоғамдық мүддені қорғау, жеке ойды білдіру,  шағым айту, наразылық білдіру секілді түрлі себеп, мақсаттармен жүргізілетіні анық қой. Тек осы мақсаттардың мемлекеттік қауіпсіздікке,  қоғамдық тәртіпке   және  өзге де тұлғалардың  құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуін ескеріп, оған жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын қатаң ұстану қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде  митингтер туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы да басталып кетті.  Заңнаманы  жетілдіру барысында  құқық нормаларында қолданылатын анықтамаларды жеке белгілеп, жіктеу қажет. 

Қоғамда күн санап артып келе жатқан қақтығыстар санын азайту мақсатында заңнама талаптарын, өзге де заң нормаларымен сәйкестендіре отырып, жетілдірген абзал. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әрбір азаматының өзін  қоғамда қорғай алуының кепілі болып табылады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот судьясы

Құралай Архабаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.