Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына бірінші Жолдауында  негізгі бағыттардың алдыңғы қатарында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды белгілеп, бұл бағыттағы сот және құқық қорғау жүйелерінің елеулі рөлін атап көрсеткен болатын.

Азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін арттыру мақсатында Президент сот шешімдерінің сапасын жақсарту, соның ішінде сот практикасының біркелкі болуын қамтамасыз ету, әкімшілік әділетті енгізу, жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл қоғамның және мемлекеттік өмірдің барлық саласында қорғалуға жататын негізгі құндылықтар. Кез келген демократиялық жүйеде азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігі қоғам мен өркениет жетістіктерінің көрсеткіші ретінде объективті әрекет ететін ең маңызды әлеуметтік және саяси-құқықтық институт болып табылады. Сондықтан да әлемдік қауымдастық азаматтың құқығы мен оның қауіпсіздігін жалпыға ортақ идеал, үдемелі даму мен өркендеудің негізі, тұрақтылық пен беріктілік факторы ретінде қарастырады.

Адамның құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін іске асырудың және қорғалуының қажетті деңгейін құруға және оны сақтап тұруға, адам мен қоғамның өмірлік маңызды мүдделеріне төнетін қауіпке қарсы нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, құқық қорғау және басқа сипаттағы шаралар мен құралдарды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу деп түсініледі. Солай болғанның өзінде, адам құқықтары мен оның қауіпсіздігін қорғау кепілдіктерінің бірі – тиімді және әділ құқық қолдану болып табылады және ондағы түйінді рөл сот жүйесіне бөлінген.

Сот билігі төрелігін жүзеге асыра отырып, айқын құқық қолдану сипатында болады, соның нәтижесінде сот арқылы қорғалу барынша тиімді және орнықты болады.

Сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен кепілдіктерін нығайту, сот шешімдерінің тұрақтылығы, азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілі ретінде соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің біліктілігін арттыру, сот процедураларының ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету сияқты үлкен реформалардан өтті.

Осылайша, сот жүйесіне «Төрелік» электрондық база енгізіліп отыр. Осы жүйе бойынша республиканың барлық судьялары жұмыс жасайды. Сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында «Талдау» жүйесі іске қосылды, онда жоғары сатыдағы судьялар барлық санаттағы істер бойынша үнемі қорыту жасап отырады. Барлық соттарда «Call орталықтар» мен «сот кабинеттері» жұмыс жасайды, олар арқылы кез келген азамат үйден шықпай-ақ сотқа шағым жібере алады және нақты уақыт режимінде сот ісінің жүргізіліп жатқаны жайында хабардар бола алады.

«Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы енгізілді. Оған әділеттік, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігі, сот төрелігінің тиімділігі, әкімшілік әділет, тергеу сотының рөлін арттыру, судьялардың құзыреттілігі және цифрландыру сияқты басымды бағыттар кіреді. Олардың мақсаты сот жүйесін бұдан әрі жетілдіру болып табылады.

Сот құрамы кадрларының сапасын жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, атап айтқанда судьяларға үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу тәртібі күшейтілді, бұл ретте үміткерлердің кәсіби және жеке басының қасиеттері ескеріледі, құрамына прокуратура, адвокатура және заң қоғамдастығының өкілдері кіретін Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерімен сұхбат жүргізіледі.

Жоғарғы Сот жанында сот төрелігінің сапасы жөніндегі Сот жюриі жұмыс істейді. Ол судьяларды тәртіптік жауаптылыққа тартуды және республиканың барлық судьяларының Судья әдебі кодексін сақтауы бойынша әдістемелік және ұйымдық басшылықты іске асырады.  

Барлық облыстық және оған теңестірілген соттарда судья әдебі жөніндегі комиссия қызметін жүзеге асырады. Олардың міндеті судья қоғамдастығы судьяларының этика нормаларын сақтауын бақылауға, қоғамның бұзушылық туралы өтініштеріне дер кезінде ден қоюға бағытталған.

Ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту мақсатында  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 1 сәуірдегі Заңмен Қылмыстық кодекске жас және кәмелетке толмаған балаларға қарсы жасалған  зорлық-зомбылық қылмыстар үшін жазаны қатайту бойынша өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

 

 

№2 Есіл аудандық сотының судьясы

Адель Ешмағамбетова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

  1. аватар
    Marle 12 января 2024 17:18

    I've read a few good stuff here. Certainly worth bookmarking for revisiting.
    I wonder how a lot effort you place to create this kind of great informative website.



    Here is my homepage ... Baylor

  2. аватар
    Keiara 12 января 2024 17:31

    Hey there, You've done a great job. I will
    definitely digg it and personally suggest to
    my friends. I am confident they'll be benefited from this web site.


    Stop by my web page :: Cristino

  3. аватар
    Emma 12 января 2024 17:41

    Great post. I used to be checking continuously this weblog and I am impressed!

    Very useful info specifically the last phase :) I
    deal with such info a lot. I was seeking this certain info
    for a long time. Thanks and best of luck.

    Also visit my page - Sutton

  4. аватар
    Korri 15 января 2024 07:50

    Hi there to every one, the contents present at this site are actually amazing for people experience,
    well, keep up the nice work fellows.

    Also visit my web site; Sandhya

  5. аватар
    Johnesha 15 января 2024 21:54

    Asking questions are really nice thing if you are not understanding
    something completely, but this piece of writing gives pleasant understanding yet.


    My blog post; Jatoya

  6. аватар
    Samantha 16 января 2024 04:06

    My spouse and I stumbled over here different website and thought I may as
    well check things out. I like what I see so i am just following you.
    Look forward to looking at your web page again.

    My web-site :: Toran

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.