«Еңбек дауларының алдын алу» қажеттілігі талқыланды
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық сотының судья Мереке Өтепқалиұлы еңбек дауларын сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен шешу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оны болдырмау тақырыбында «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының қызметкерлеріне семинар өткізді.
Судья М.Шүкіров өз сөзінде бітімгершілік рәсімдерінің қолдану аясын одан әрі кеңейту мақсатында, республикалық соттарда 2019 жылдың ақпан айынан Жоғарғы Соттың «Еңбек және жария-құқықтық қатынастарынан туындайтын даулардың алдын алу» жаңа пилоттық жобасы іске асырылып жатқандығын айтты. Бұл пилоттық жобаның мақсаты кәсіподақтардың қатысуымен, яғни еңбек дауын соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу тәртібімен келісу комиссиясының жеке дауды (жанжалды) қарауы және шешуі.
Тақырыпты жалғастыра келе, спикер бұл тұрғыда басты мақсат қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерінің сақталуы екендігін атап өтті.
Еңбек ұжымдарындағы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жанжалдарды өз деңгейінде шеше алатын күшті кадрлық қызметтер мен келісу комиссияларының белсенді қызметінің маңыздылығы; бұл ретте екі тарап та еңбек дауы болған жағдайда, келісім комиссиясын хабардар етпей, тікелей сотқа жүгінуі, асығыстық және заңнамаларға қайшы келетін әрекет екенін түсінуі қажет. Мұндай жанжал тараптарының татуласуына кәсіби келіссөзшілер,психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер қосылуы тиіс.
Сонымен қатар, судья семинардың қатысушыларының әрбір әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет арқылы бағалау міндеттіліп, мемлекеттік қызмет этикасын қатаң сақтау, сонымен бірге, жемқорлықпен күресті және жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді мүлтіксіз сақтау жөнінде назар аударды.
Семинар соңында қатысушылар еңбек дауларын реттеуде өзара келісіммен әрекеттену қажеттілігі туралы бірыңғай пікірге келіп, басқа да бірқатар нақты шараларды талқылады.
А.Рысқалиева
Жаңақала аудандық соты кеңсесінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]