Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тиісті рәсімдеу
Казталов ауданының №2 аудандық сотында Жалпақтал полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тиісті рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Судья Самал Оразғалиева учаскелік инспекторларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаудағы қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріп, қатысушылардың назарын істі қарау кезінде ескерілетін маңызды аспектілерге аударып, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде жиі кездесетін қателіктерді айтып, ҚР ӘҚБтК-нің 803-бабының талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Спикер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау құқық бұзушылықты дәл және дұрыс саралауды талап ететінін: адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнін, сондай-ақ бұзылған нақты талаптарды белгілеу қажет ететінін айтты
Бұдан басқа, басты идеясы – сот қорғауындағы құқықтарды ыңғайлы іске асыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу процедураларын жеңілдету болатын «Түнгі сот» пилоттық жобасының іске асырылуы төмен деңгейде тұрғанын, өндіріс қатысушыларына осы жобаның артықшылықтарын - қысқа мерзімде зиянның орнын толтыру, тараптардың жауапкершілігіне қатысты мәселелерді шешуге болатынын, сонымен қатар, сот процесін кешке, жұмыс кестесінен үзіліссіз шешіп, уақытты едәуір үнемдейтінін түсіндеру қажет екенін айтты.
Казталов ауданының №2 аудандық соты
[xfvalue_img]
16 пікір