Латын графикасын пайдалану бойынша семинар сабақтар өткізілуде
Батыс Қазақстан облыстық сотында мемлекеттік тілді жетілдіру жөнінде 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2018 жылы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» тақырыбында алғашқы семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары, БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары және Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы қатысты.
Аталмыш курстарды Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы, 2019 жылы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында өткен 72 сағаттық республикалық оқыту курстарының сертификат иегерлері, тіл мамандары Гүлнұр Алғазы және Жанар Джумагалиева өткізді.
Барлық қатысушыларды латын әліпбиімен, латын графикасындағы қазақ тілі емлесінің ережелерімен таныстырылды, жаңа әліпбидің ерекшеліктеріне тоқталды.
Курстың соңында басқарманың тапсырысы негізінде жасақталған «Цифрлық әліппе» жобасы негізінде http://elatyn.kz сайтынан интерактивті жаттығулар мен тесттік тапсырмалар орындап, сертификат табыстау жоспарланды.
Сондай-ақ, осы бағыттағы семинар сабақтар Орал қаласының № 2 соты мен Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларына да өткізілуде.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
2 пікір