Оралда мектеп оқытушысы бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды

Оралда мектеп оқытушысы бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы оқытушының құқығын қорғап, оны бұрынғы жұмысына қайтадан орналастырды.

Оқытушы мен  Балалар өнер мектебінің директоры арадағы қақтығысы 2 жылға созылды. Оқытушының жұмыстан босатылуы жұмыстан босату тәртібін заңсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуіне себеп болды. Бірінші сатыдағы соттың шешімі оқытушының талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Сот шешімімен келіспеген талап қоюшы апелляциялық шағым келтірген.

Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін толықтай жоя отырып, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп танып, оқытушыны бұрынғы жұмысына қайтадан орналастырды. Қызметкердің пайдасына мәжбүрлі түрде бос жүрген 6 ай көлеміндегі 500 мың теңгеге жуық орташа еңбек ақысы мен 150 мың теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.

Сонымен қатар, осы іс бойынша анықталған заңбұзушылықтар жөнінде  тиісті шара қолдану үшін БҚО Білім басқармасының басшылылығының атына арнайы жеке ұйғарым шығарылды.

  

Қанатбаева Н.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің

ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив