Электронды сот төрелігін жаңғырту

Электронды сот төрелігін жаңғырту

 

Сот жүйесіне электронды құжат айналымының біртіндеп енуімен электронды сот төрелігіне маңызды бет бұрыс жасалды. Аталған жаңашылдық сот ісін жүргізудің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа деген сенімін нығайта түскені анық. Электронды сот төрелігін қарқынды жетілдірудің басым бағыттары 100 нақты қадам Ұлт жоспарында және Елбасының судьялардың жетінші съезінде нақты айтылған болатын. Бұл ретте басты мақсат сотқа жүгінуді оңтайландыру, сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етіп, заң үстемдігін орнату болып табылады. Көзделген талапты орындау аясында бірқатар тың жобалар іске асырылды. Еліміздің барлық соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS-хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция байланысы секілді ақпараттық технологиялардың енгізілуі сот жүйесі қызметінің тиімділігін арттырды.

Әсіресе, сот процестерінің дыбыс-бейне таспаға жазылып, электронды форматта көрініс табуы сот мәжілісі хатшыларының жұмысын жеңілдетуге, судьяның және сот процесіне қатысушылардың тәртіпке бағынуына ықпал етіп, сот төрелігінің ашықтығы мен әділдігіне жол ашты.

Қазіргі таңда сот жүйесін одан әрі жаңғырту мақсатында сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізу жалғасын тауып отыр.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2018 жылдың желтоқсанынан бастап «Виртуалды сот» жобасы енгізілді, ол іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Мысалы, 2018 жылдың желтоқсан айында бейне-конференция және мобильді қосымшаны қолдану арқылы 34 әкімшілік іс қаралса, ағымдағы жылдың үш ай мерзім ішінде 49 іс қаралып, 36 тұлға жауапкершілікке тартылып, 2 құқық бұзушы қамаққа алынса, 28 адамға айып салынды. Алты тұлғаға ескерту жасалды. 12 іс медиация жолымен қысқартылды.

«Бейнеконференцбайланыс жүйесі - бұл істерді жедел қарастыру және тараптардың сотпен кедергісіз қарым-қатынасы үшін оңтайлы шешім болып табылады. Құқықбұзушы мен жәбірленушінің уақыттарын үнемдеуге және тараптардың ыңғайлығына жағдай жасау үшін олардың сот отырысына қашықтан қатыса алуына мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, әкімшілік істерді электрондық түрде қарауды және сот отырыстарында қағаз тасымалдағыштардан бас тартуды және барлық процедуралық құжаттар мен іс-әрекеттерді электрондық форматқа көшіруді

қамтитын «Электронды сот залын» құру жұмысы қолға алынып отыр. Бұл ретте полиция қызметкерінің сотқа келіп ісін тапсырудың және сот процесіне қатысатындардың барлығын сот залына жинаудың қажеттілігі туындамайды. Әкімшілік істердің «Сот кабинеті» жүйесімен түсіп тіркелген соң «Виртуалдық сот» жобасы аясында онлайн режимде электрондық форматта қарау көзделген. Ағымдағы жылдың наурыз айында бастау алған бұл жоба аясында 12 әкімшілік іс электрондық форматта қаралды.

Аталған жобалар азаматтар құқықтарының сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуді жетілдіріп, сот ісін жүргізуді жеделдете және жеңілдете түсері анық.

Бүгінгі таңда сот жүйесінде жаңашыл бағыттар мен тың серпілістердің орын алуы қоғамда сот жүйесінің оң бейнесін қалыптастырып, сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығы, жалпыға бірдей қолжетімді бола түсуі халық тарапынан нық сенім тудырып келеді.

 

Руслан Демеуов

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Dollie 16 сентября 2024 02:35

    модуль сталь прайс, шариф металл прайс бейүндес
    сөздер дегеніміз не, тіліміздегі сөздер неше ұстанымдар бойынша жазылады дулат бабатайұлы аягөз қайда барасың мазмұны,
    дулат бабатайұлы өлеңдерін талдау екі ойын сүйегі лақтырылды 4
    цифры

    My web page :: баланы поликлиникаға тіркеу

  2. аватар
    Gino 18 сентября 2024 23:25

    слабые стороны рухани жаңғыру, рухани жаңғыру мақсаты ауа райы жаңаөзен, ертеңгі
    ауа райы нарын суп, салат нарын перцовый баллончик костанай, перцовый баллончик павлодар

    Look at my blog; тжб қазақ
    әдебиеті 6 сынып

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив