Мұғалжар аудандық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтары талқыланды

Мұғалжар аудандық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтары талқыланды

Мұғалжар аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев судьялар, кеңсе меңгерушісі мен мамандардың қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу сұрақтары бойынша жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңес барысында сот төрағасы Абитхан Анарбаев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының негізгі бағыттарына назар аударды. Төраға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы нормаларына тоқталып,  сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, еліміздің инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретінін атап өтті.

Төраға еңбек тәртібін сақтау және соттардағы бақылау-өткізу режимін күшейту мәселелеріне тоқталып өтті.

Қорытындылай келе, аудандық сот төрағасы судьялар мен мамандарға қойылатын жоғары әдеп талаптары және сот органдарының сыбайлас жемқорлықпен күресудегі рөлі жөнінде айтып берді.

 

Мұғалжар аудандық соты Ақтөбе облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив