Өрт қауіпсіздігі сұрақтары талқыланды
Мұғалжар аудандық сотында сот мамандары және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі өкілінің қатысуымен «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбына семинар өткізілді.
Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі өкілі Н.Акназаров өз баяндамасында жергілікті соттар ғимараттарында өрт қаупін болдырмау үшін оның алдын-алу шараларына тоқталды. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар туралы айтып, өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігін атап өтті.
Жиын соңында іс-шараға қатысушылар өз пікірлерімен алмасты.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]