Жаңа заң халық үшін ыңғайлы әрі тиімді болмақ

Жаңа заң халық үшін ыңғайлы әрі тиімді болмақ

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында сот жүйесіне қатысты ауқымды өзгерістерді қамтитын заң қабылданды. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған заң 2019 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар халық үшін ыңғайлы және тиімді болмақ.

Соттардың үлкен жүктемесі туралы және оның сот төрелегінің сапасына тікелей әсер ететіні бәріне мәлім. Мәселен, 2018 жылы соттардың жүктемесі 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Қаралған 4,5 млн істер мен материалдардың ішінде 3 миллионы тек сот орындаушыларының қаулыларын санкциялау туралы материалдар, 231 мың сот бұйрығы болған. Демек, олардың көбі дауларды қамтымайтын талаптар. 

Осыған орай, заң шеңберінде 42 заңнамалық актіге, соның ішінде 11 кодекске түзетулер енгізілді. Жалпы, заң сот жүктемесін оңтайландыру аясында өзгерген, онда соттардан дауларды қамтымайтын істерді шығаратын бірқатар нормалар енгізілген. Бастысы дауларды шешуде жаңа құқықтық құралдардың пайда болуын атап өткен жөн. 

Мысалға, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің  тек екі санаты ғана қалды. Қалғаны бұйрық арқылы іс жүргізу өндірісіне өтті. Бұйрық арқылы іс жүргізу талаптарының жартысын (18-ден 9-ы) нотариустарға берілді. Яғни, биылдан бастап меншік құқығын қорғауға қатысты азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін нотариустар қарастыратын болады.

Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мәселен, еңбек ақысын өндіріп алу, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариалды куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу және т.б. Ал, аталған санаттағы істер соттардың 20 пайыз жүктемесін құраған еді.

Бұл жаңашылдық мәжбірлеп орындау рәсімін едәуір жеңілдетеді. Оның мәні - борышкер тиісті азаматтық құқықтық қатынастан туындайтын талаптар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда өндіріп алушы өзінің талаптарын негіздейтің құжаттарды ұсына отырып, атқарушылық жазба жасау үшін нотариустерге жүгінуде.

Осының нәтижесінде азаматтардың сотқа жүгіну қажеттілігі азайып, оларға өздерінің талаптарын нотариустарда жедел түрде шешуге және қаражаты мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік ашылды.

Атқарушылық жазбада атқару парағының күші бар, сондықтан ол бойынша өндіріп алу атқарушылық өндіріс туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Атқарушылық жазба арқылы өндіріп алу тәсілінің артықшылығы:

  • ақшалай қаражаттардың үнемділігі. Нотариуспен атқарушылық жазбасын жасау үшін нотариаттық тариф сот шығындарынан әлдеқайда аз;
  • сот бұйрығын ұсынуға қарағанда, нотариуспен орындау жазбасын жасау үшін борышкердің келісімі қажет емес;
  • сотта істің қаралуымен салыстырғанда, нотариаттық әрекеттің жасау мерзімінің қысқа болуы.

Осылайша, нотариустың атқарушылық жазбасы нотариаттық әрекеттің жаңа түрі ретінде, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған әрекеттердің тәртібін қысқартады.

Сонымен қатар, жаңа заңмен сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау тәсілдері өзгерді. Бұрың сот орындаушысының қаулысына санкция беруді тек сот жүзеге асырған болса, енді сот немесе прокурор санкция береді. Материалдарды қарау мерзімі 1 күннен 3 жұмыс күніне дейін ұзартылды.       

Қазір сот азаматтардың еркін жүріп-тұру конституциялық құқығын шектейтін мәселелерді шешкен кезде ғана санкциялар беретін болды. Яғни, сот орындаушыларының әрекетіне берілген 18 санкцияның ішінен сотта екеуі ғана қалады, олар «борышкерді мәжбүрлеп әкелу» жəне «Қазақстан Республикасынан шығуын шектеу» санкциялары.

Ал, банктік шоттарға тыйым салуға санкция беру және банктік құпияны құрайтын ақпаратты талап ету прокуратураның құзыретіне берілді.

Аталған заң нормалары санкциялар беру бойынша сот жүктемесін 10 есеге дейін азайтуы керек.

Жалпы алғанда, жаңадан енгізілген толықтырулар заңның жедел әрі сапалы орындалуына бағытталғанын көруге болады. Бұл ауқымды өзгерістер сот төрелігін тағы бір сапалық белеске көтеріп, халықтың құқықтық әлеуетін жақсартып, әл-аухатының арта түсуіне жағдай жасайтынына сенім білдіреміз.

 

 

Е.Ахмеджанов

ҚР  Әскери сотының

ақпараттық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

16 пікір

  1. аватар
    Marjorie 26 августа 2023 12:41

    That is really attention-grabbing, You are a very skilled blogger.
    I have joined your rss feed and look forward to searching for more of your magnificent post.
    Also, I've shared your site in my social networks

    Here is my web-site: Nadia

  2. аватар
    Mike 3 декабря 2023 00:11

    Pretty section of content. I just stumbled upon your website and in accession capital to assert that I acquire actually enjoyed account your blog posts.
    Any way I will be subscribing to your augment and even I achievement you access consistently quickly.



    Feel free to visit my webpage :: kup fluconazole online w
    Białymstoku

  3. аватар
    Ramon 8 сентября 2024 20:46

    тезаурус базар это, фразеологизмдер мағынасымен футболки с надписью астана, термопечать астана алтын
    балық ашық сабақ балабақшада розы на морозе песня, скачать песню она любила розы в хорошем качестве

    Here is my homepage - 1916 жылғы 25 маусымдағы
    патша жарлығы бойынша

  4. аватар
    Karin 24 сентября 2024 10:03

    суқұйғышқа тамыз айындағы жұлдыз жорамал, жұлдыз жорамал жылан 2024 жыл жк
    солнечная долина ход строительства, жк солнечная долина,
    алматы отзывы ауыл күзі 3 сынып слайд, өлеңнен
    көркемсөзді теріп жаз құлақ неге шаншиды, бала
    құлақ ауырса

    my webpage стартап жоба презентация

  5. аватар
    Alva 13 октября 2024 02:24

    екі жүрек ернар айдар, ернар айдар екі жүрек
    скачать менің географиялық жетістіктерім эссе, 8 сыныпка
    арналган 0 дик срез география жігіттің
    мінезі қандай болу керек, ер жігіт қандай болу керек дәнекерлеу жұмыстары, дәнекерлеу жабдықтары

    my web site ... iqanat школа стоимость обучения

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.