Бүгінгі Медиация – бұрынғы билер соты

Бүгінгі Медиация – бұрынғы билер соты

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» заңына сәйкес, медиция дегеніміз – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.      
        Медиация – бейтарап, үшінші, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес  тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған үшінші тарап яғни ол медиатор. Медиатор даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір тату келісімге келуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.     
           Медиация азаматтық, отбасылық, еңбекке қатысты және басқа да құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады.          Азаматтар және заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпушылықты неғұрлым жеңілдетіп, соның арқасында ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.
          Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40%-ы медиация рәсімінен өтеді, олардың шамамен 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізіледі. Қазақстанда «Медиация туралы» Заң  2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сонымен бірге медиатордың мәртебесін айқындайды.      
           Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу болып табылады. Медипцияның сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кәнілілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Өйткені, медиация құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.      
          Тараптар медиаторға жүгіну қажеттілігін өзара келісу арқылы шешеді. Бұндай жолмен мәселе шешілмеген жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады.    
           Медиацияның артықшылықтарына тоқталып кететін болсақ, келесідей мысалдарды келтіруге болады:      
           -  әрекет еріктілігі, яғни тараптар өндiруде және шешiм қабылдауда қатысады;    
           - теңдестік, яғни екі тарапты да қанағаттандыратын келісім жасауға мүмкіншілік береді;      
           - мейірімді жол ұстанымы, яғни жанжалға қатысушылардың арасындағы тату қатынасты сақтап қалады;    
           - тиімділік, яғни қаражатты және уақытты үнемдейді;       
           - құпиялылық, яғни тараптардың іскерлік беделің және абыройың сақтайды, әсіресе корпоративтік дауларды шешу кезінде. Заң медиаторды рәсімді өткізу барысында қабылданған ақпаратты жарияламауға міндеттейді, бұл жариялау үшін орынсыз мәліметтерді сақтауға кепілдік береді;    
           - отбасылық, қызметтік, корпоративтік, коммерциялық, мәдениет аралық, діни дауларда, мектеп ішілік жанжалда, орта ауырлық және шағын қылмыс кезде, құқық бұзушы және жәбірленуші арасындағы қылмыстық дауларда қолданылуы мүмкін.

     «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал», «екі тарапты келістіруші үшінші адам» деген мағына, қарапайым сөзбен айтқанда, бітімгершілік.

         Қазақ елінің ертеден  келе жатқан би­лер сотындағы ең тура жолдың бі­рі  екі жақтың мәмілеге келтіру- бітімгершілік.  Ауыл-үй арасында мал да­уы, жер дауына байланысты ру­лы елдер арасындағы түрлі дау-дамайларды ара ағайынның ара­ласуы арқылы шешу – рулар ара­сын­дағы елдің бірлігін, жердің тұ­тастығын сақтап кел­ген. Бі­тіс­пес араздыққа бар­май, кісі өлі­мі­не соқтырмай қан­құйлы ауыр қыл­мыстардың ал­дын алуда ерек­ше рөл ат­қар­ғанын, Қазақ елі­нің та­рихынан аңғаруға болады.

         Осы тұр­­ғыдан алғанда бітімгершілік жолын – біздің ата-бабаларымыздың дәс­түрлі құқығының не­гі­зінде мыңдаған жылдар бо­йы ұс­танып келуі бекер емес.

        «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» дегендей, бүгінгі заманның билері - судья араласуымен сот тараптарының мәселелері  өзара келісіммен шешілуде. Құжаттағы татуласу келісіміне қойылатын талаптарға сәйкес қос тарап арасындағы келісім жазбаша нысанда жасалады. Мұндай жолмен татуласу талапкерді төленген мемлекеттік баждан босатуы - заңдағы ынталандыру тетіктерінің бірі.

 Дауларды татуластыру рәсімімен жүзеге асырудың тағы бір артықшылығы даулардың шешу мерзімдерін қысқартуға, тараптардың шығындарын азайтуға септігін тигізеді.

Қоғамдағы кез келген қайшылық пен дауды келісім аясында шешуге қолданыстағы заңнамалардың бітімгершілік рәсімдері мен медиация тәсілдері мол мүмкіндік берері анық.

        Бұрынғы билер соты, яғни, ме­диа­ция- тәуелсіз елі­міз­дің өркениетінің дамуына зор үлесін қосып, мін­сіз қыз­мет көрсететіні сөзсіз.

 

Шынжанова Алмагүл Қашқынбайқызы

Қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық әскери сотының кеңсе менгерушісі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    HermanNusty 22 апреля 2020 06:29

    замена hdd на ssd в ноутбуке

    -----

    Для души вам сайта

    -----


    sid meiers civilization v

    ----

    Различные игры для ПК

    ----


    электронный ошейник для дрессировки собак купить

    ----

    Вот по ссылке онлайн магазин для питомцев

    ----


    ввгнг а frls 3х1.5

    ----

    Просто прекрасно

    ----


    Pascal ABC скачать бесплатно для Windows 10

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.