«Smart сот»
«Smart сот» - сөзін естіген бойда, адамның техникалық мүмкіндіктерінің алға шарықтап, заманауи ойтүзеу жолында жүгіре басып келе жатқанымыз көзге елестейді. Сот жүйесінде болып жатқан реформалардың үрдісінде аталмыш жоба өте орынды деуге болады. Әділ сот тұрақты дамудың іргелі негіздерінің бірі – үнемі ізденісте болу, заманмен бірге аяқ алысу болатыны анық. Сайып келгенде, Елбасының VII съезде берген тапсырмалары, Ұлт жоспары, Цифрлы Қазақстан, Рухани жаңғыру бағдарламалары аясында белгіленген шаралар, соның ішінде еліміздің сот жүйесіндегі модернизация осы стратегиялық құжаттардың басымдықтары бойынша жүзеге асады.
Бүгінгі таңда аталған пилоттық жоба қарсаңында Қазақстан Республикасының жер-жердегі соттары осы бағдарлама аясында көптеген істерін тындырып жатқаны хақ. Бұл жаңашылдық кез-келген адамның құқықтарын қорғап қана қоймай, сонымен қатар үнемі тапшы болатын уақыт пен қаражаттың үнемделуінің бірден-бір кепілі. «Smart сот» бағдарламасының негізі мақсаттарының бірі болып, халыққа қызмет етудің сапасын арттыру, ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті күшейту, әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерін нығайту болып табылады. Бар болғаны, кез-келген Smart ұялы телефонына «True Conf» бағдарламалық қосымшасын қосу арқылы әлемнің кез-келген нүктесінен сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді, өңір соттарында өтетін сот отырыстарында ғана емес, сонымен қатар шет ел азаматтары да қатыса алады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, «Smart сот» бағдарламасының әлі де жаңғыратын кезі алда және кез-келген жаңашылдық оның ішінде технологиялық жаңашылдық, адамзаттың өмірін оңтайландыру жолында қызмет ететініне сеніміміз мол!
Астана қаласы Байқоңыр аудандық
№2 сотының бас маманы М.Сыздыкова
[xfvalue_img]