Орал қаласының сотында «Соттағы судья көмекшісі» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асуда
Орал қаласының №2 сотында 2018 жылдың 3 қазанынан «Соттағы судья көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды. Сот төрағасының өкімімен 8 судъяға бекітілген 4 көмекші соттың ішкі ресурстарынан алынып, олардың міндеттеріне абыройын, іскерлік және қадір-қасиетін қорғау, жер және еңбек даулары, келтірілген шығындарды қайтару мәмілелері бойынша сот актілерінің жобаларын дайындау енеді. Апта сайын судья көмекшілері атқарылған жұмыстары бойынша есеп дайындайды.
Атап өту керек, судьялардың қызметін тиімді пайдалануға бағытталған жоба сәтті жүзеге асуда. 2018 жылдың соңғы тоқсанының көрсеткіштері көрсетіп отырғандай, келіп түскен 2113 талап арыздың, 2038 ісі көмекшілер бекітілген судьялармен қаралды. Сот мәліметтеріне сәйкес, әрбір судьяға шаққанда ай сайын 90-100 істен келеді, бұл жүзедеген істі бүге-шігесіне дейін түсініп, оны қарап шығып, әділ шешім қабылдау керек. Аталған институттың енгізілуі судьяның жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Нәтижесінде сот актілерін толтыру күші төмендеп, кейінге шегерілген істер санын азайды, тараптар уақылы құжаттармен танысып, уақытында қарсылықтарын білдіріп, сот актілерін алуда. Судьялардың өздерін одан әрі жетілдіріп, ауыр істерге дайындалуға, ал көмекшілерінің нормативті-құқықтық базамен танысып, болашақта төрелік етуде қолдану үшін кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігі туды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]