Сыбайлас жемқорлықпен күрес-қоғам үшін маңызды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-қоғам үшін маңызды.

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай,  сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет. Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы - сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал  келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.

Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стра­те­гияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жем­қор­лықтың кез келген көрінісіне «мүл­дем төзбеушілік» ахуалын жасау ар­қы­лы сы­байлас жемқорлыққа қарсы қоз­ға­лысқа бүкіл қоғамды тарту және Қа­зақ­станда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауында Қазақстанның мем­ле­кет­тілігін нығайту жолындағы стра­те­гия­лық маңызды мәселелерді айқындап, қо­ғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өз­гертуге, жаңғыртуға бағытталған бес не­гізгі басымдылықты белгілеп берді. Мұн­да бесінші басымдықтың бірі – сы­бай­лас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жем­қор­лық­пен күресте көп нәрсе бүкіл қо­ғам­ның белсене атсалысуына байланысты. Әлеу­меттік желінің, өзге де медиа-ресурс­тар­дың дамуы жағдайында, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі кү­рес­тің қуатты құралына айналуға тиіс» делінген.  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы кү­ресті күшейту мәселелері нақты көр­сетілген. Мұның барлығы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресте нақты нә­ти­же­лер­ге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп, мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып, олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді. Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Елбасы тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады.

 

 

М.Е.Кунаев

                                        Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының аға сот приставы                                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.