Медиация дау туындаған тараптардың келісімге алып келетін алғышарттардың біріне айналып келе жатыр.

Медиация дау туындаған тараптардың келісімге алып келетін алғышарттардың біріне айналып келе жатыр.

Сот жүйесінде барлығы электрондық құжат айналымына алып келе жатыр. Осы технологиялардың бірі – сот кабинеті. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.«Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.

Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін: талап арызбен; сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;сот отырысының хаттамасына ескертумен; өтінішпен сотқа жүгіне алады.

Пайдаланушы «Талап арыз беру» сервисін таңдауды жүзеге асырады, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық талап арыз нысанын толтырады: облыс; талап арыз берілетін сот; соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда:

- «төлемеу» деген жолға  белгі қойылады;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 541-бабына сәйкес мемлекеттік баждан босатылған істер санаты/талапкерлер көрсетіледі; мемлекеттік баж сомасы; «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды онлайнмен төлеген жағдайда  «онлайн-төлем» жолы толтырылады; арыздың сипаты; істің санаты; даудың жалпы сомасы; процестің тараптары.

Егер бірнеше адам талапкерлер немесе жауапкерлер болса, олардың әрқайсысы туралы ақпарат көрсетіледі.Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.Пайдаланушы тиісті файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.«Электронды үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік бажды төлеу электрондық талап арыз нысаны толтырылғаннан кейін жүргізіледі.Талап арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

Сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызды беру үшін пайдаланушы «Сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз беру» сервисін таңдайды, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық арыз нысанын толтырады:процестің тарабы;телефон; почталық мекенжайы; облыс;сот отырысы хаттамасының көшірмесін электрондық түрде беру туралы арыз берілетін сот; істің нөмірі; іс бойынша талапкерлер (сотталушы, сотталған); іс бойынша жауапкерлер (жәбірленуші).

Пайдаланушы сот отырысының хаттамасына ескертулер мен  оған қоса берілетін құжаттарды қамтитын файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.Сот отырысының хаттамасына ескерту пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

         Келіп түскен сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз, сот отырысының хаттамасына ескерту, электрондық құжаттар нысанындағы өтініш мынадай құжаттардан тұрады:кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасы; электрондық құжат нысандары.

Пайдаланушы электрондық чектің  бірегей коды енгізілетін және оны іздестіру жүзеге асырылатын «Төлем чегін тексеру» қызметін таңдау жолымен «Сот кабинетінде» ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемін тексеруді жүзеге асыра алады. Іздестіру нәтижесі ретінде экранда электрондық чектің деректемелері көрсетілетін болады.Талап арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы процестік шешім шығарылған кезде талап арызды берген адамның өкілеттіктерін тексеру туралы мәселе талап арызға қоса берілген электрондық құжаттарды негізінде шешіледі.Өкілдік етуге және сенімхатқа байланысты өкілеттіктерді тексеру істі сот талқылауына дайындау сатысында электрондық құжат нысанында талап арызды берген адамды сотқа шақыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу кодексінде және Қылмыстық-процестік кодексте көзделген жағдайларда пайдаланушыға жауаппен бірге электрондық құжат нысанындағы сот құжаты Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жөнелтіледі.Электрондық арыздарға (өтінішке) жауапты жасау және жөнелту рәсімі шығыс құжатты жасау және жөнелту рәсіміне ұқсайды.

Жауапты «Сот кабинетін» пайдаланушыға жеткізу үшін құжатты орындаушы мынадай әрекеттерді орындайды:

1) шығыс құжаттың тіркеу бақылау карточкасында «Иә» деген белгімен «БААТЖ арқылы жеткізу»  сияқты жеткізу тәсілі көрсетіледі;

2)  шығыс құжаттың тіркеу бақылау карточкасында «Ұйымның атауы» деген жолда «Классификатор» - «ҚР сот жүйесінің органдары» тізімінен «Сот кабинеті» мәнін таңдау. Қажетті мәнді таңдағаннан кейін «Осы шығыс құжатты алушылар» деген жолға «Сот кабинеті» мәні қойылуға тиіс.

3) кіріс электрондық арызбен (өтінішпен) байланыстыру жүргізіледі. «Сот кабинетін»  пайдаланушыға арналған шығыс құжат  Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жеткізіледі.

         Бұл электрондық құжат айналымының артықшылықтары өте көп деп санаймын. Себебі бюрократяға алып келмейді, сотқа келіп, кезекке тұрудың алдын алады және арыз берушінің уақытын үнемдейді.

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судья У.С.Мухангалиева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.