Медиацияның сот жүйесіндегі орны

Медиацияның сот жүйесіндегі орны

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» 28.01.2011 ж. заңы елімізде дауларды шешудің жаңа түрін бекітіп, республикамызда дауларды соттан тыс реттеу институты енгізілген болатын. Медиация заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар бойынша қолданылады. 

ҚР АПК-де сот өндірісіне түскен азаматтық істер бойынша істі қарауға әзірлік жүргізу барысында тараптарға  міндетті түрде араларындағы дауды медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі туралы түсіндіріледі. Бұл тұрғада оларға іс бойынша төленген мемлекеттік баж алымының қайтарылатыны да ескертіледі. Осы заңның аясын кеңіту бағытында істі қарауға әзірілік кезеңінде медиацияны тараптарға түсінідіріп жеткізу соттарға міндеттеген. Алайда, оның өзі медиацияны қолдануды кеңітпейді. Себебі сотқа қатысатын тараптар медиацияны қолданғаннан көрі сот шешімінің шығарылуын  қолайлы көреді.

Медиация сөзін азаматтар көп жағдайда түсіне білмейді. Медиация латынның «медиаре» - «бітімгершілікке жүру» сөзінен алынған. Медиацияға жүгіну үшін тараптар медиацияның не екенін білуі тиіс. Бітімге келу үшін оларды бітістіретін тұлға болу қажет - ол медиатор. Тараптың бітімге келу не келмеуі ол медиатордың кәсіби деңгейіне, шеберлігіне, өмірлік тәжірибесіне байланысты. Тараптарды бітімге келістіру үшін олармен ортақ тіл табыса алатын, сеніміне кіретін және олардың екі жағына да ұтымды болытан жағдайды ойластыратын  қабылеті бар тұлға болуы тиіс.

Медиаторлар тараптардың еркімен дауларға араласып, оларды бітімге келтіруде. Медиация  заңы қабылданар алдында шетелдің, Америка, батыс елдеріндегі медиация институттарын зереттей отырып қабылданды. Дегенмен, өз тарихымызға көз жүргірте отырып, медиацияның –яғни бітімгершіліктің қазақ  билерінің кеңінен пайдаланған билік құралы екендігі айқындалады. Тараптарды табысытырып, екі жақты ұтымды жағдайға келтіре білген. Бір жағы ұтпаса да өзінің талабының негізсіз екендігін бидің шешендігі мен көсемдігі арқасында түсініп, бидің сөзіне тоқтап бас иген. Осы көшпелі қазақ қоғамымыздың билер институтының өнегелі тәжірибесін қазіргі медиация тұрғысында  кеңінен пайдалану абзал. Егер медиаторларды бұқаралық ақпарат құралдары, интернет құралдары арқылы жариялап, олардың бітістірген әр бір дауы туралы кеңнен ақпараттар таратылса, ел арасында сол медиаторды өз қалауы бойынша таңдап, елімізде тарихта қалатын мықты медиаторлар шығар еді. Соттар медиация бойынша тек тараптарға медиация қолдану мүмкіндігін түсіндіреді. Медиацияның басты принципы еріктік. Ал оған келісуі не келіспеуі сотқа қатысушы тараптардың процессуалдық құқықтары.

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының аға сот приставы Н.Б.Байсеитов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.