Электрондық әділеттілік - ашықтық пен қолжетімділіктің жаңа стандарты
Электрондық қылмыстық істерді қарау қазіргі кезде өте тиімді бағдарламалардың бірі болып табылады. Аталған жүйе негізінде сотқа дейінгі тергеу басталғанна сотта шешім шығаруға дейін барлық құжаттар электронды түрде болады. Бұл ашықтық қағидасын жүзеге асырып отыр деуге болады.
Процеске қатысушы тұлғалар кез келген уақытта өздерінің істері қандай кезеңде екендігін онлайн режімінде көре алады. Басқа тұлғаларға кіруге тыйым салынады. Егер тараптар тергеушінің іс-әрекеттеріне шағымданса, онда прокурор іс-әрекеттерді онлайн режимінде тексере алады. Электронды түрде қарау іспен танысу бойынша тараптарға қолжетімді болады.
Сонымен қатар, электрондық қылмыстық іс қажетсіз қағаз айналымынан босатады. Ақпараттық қызмет қылмыстық процестің сапасын арттырады және заң бұзушылықты болдырмайды.
Аталған бағдарлама істерді қарау сапасын жақсартуға және тергеу уақытын қысқартуға, материалдарды бұрмалау тәуекелдерін барынша азайтуға, нақты уақыт режимінде материалдарға қол жетімділікті қамтамасыз етуге және қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік туады.
Жалпы, электрондық қылмыстық істерді қарау қылмыстық процеске адам құқықтарын қорғауды күшейту, тараптардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, соттық бақылауды кеңейту, қайталануды болдырмау және тергеу органдары, прокуратура мен сот арасында өкілеттіктерді нақты бөлу туралы мәселелерді шешуге бағытталған.
Жғарыда аталғанның негізінде, электрондық әділеттілік - ашықтық пен қолжетімділіктің жаңа стандарты болып табылады.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы Б.С.Пазылов
[xfvalue_img]