Күзетші «Марвин» дүкенінде ұрлық жасады
2017 жылдың ақпан айында «Марвин» дүкенінің күзетшісі кезекті күзетке түсу барысында сөреден «Sony Play Station 4» жасырын түрде ұрлап, дүкен иесіне 154 900 теңге материалдық шығын келтірген.
Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленушінің арасында зиянның орнын толық толтыруына байланысты, медиациялық келісім жасалды.
Осыған орай, Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының 09 наурыз 2017 жылғы қаулысы негізінде С.-ға қатысты қылмыстық іс медиациялық тәртіппен татуласуына байланысты қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
[xfvalue_img]