Электрондық технологиялар сот төрелігіне деген қолжетімділікті артыруда.

Электрондық технологиялар сот төрелігіне деген қолжетімділікті артыруда.

Қазіргі танда сот жүйесінде жаңартылған интернет желісі, «Сот кабинеті», «Электрондық сотқа шақыру қағазы», «Істерді қарау тізімі», «Сот құжаттарымен танысу» жобалары іске асырылуда, сонымен қоса тараптарды SMS хабарламасы арқылы шақыру жүйесі еңгізілген. Бұл дегеніміз қарапайым халықтын сот төрелігіне қол жеткізу деңгейін арттыруға, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік берді.

 

«Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Пайдаланушының қалаған уақытында сот құжаттарын қарауға, іс бойынша сот актілерін басып шығарып алуына мүмкіндігі бар. 

 

Жеке тұлғалар және  олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері  «Сот кабинетінде» орналастырылған  электрондық  нысандарды  толтыру арқылы электрондық  құжаттарды  сотқа  ұсынуға  құқылы. Бұл үшін  көрсетілген  адамдар «Сот кабинетіне» тіркелу  қажет. Сот кабинетіне  тіркелген адам электрондық құжаттарды  беру  сервисінің  пайдаланушысы болып табылады. Электрондық  құжаттарды  беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторизациялау рәсімінен  өткеннен кейін  талап-арызбен, сот отырысының  хаттамасын  ұсыну туралы  арызбен, сот отырысының  хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алады. Қазіргі кезде жергілікті Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарында  халыққа қолжетімді болу мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық  жүйесін қолдану үшін  арнайы орындар ашылып, сотқа электронды өтініштер мен арыздарды Халыққа қызмет көрсету орталығы  арқылы  жолдауға  болады.  Азаматтар  кез келген уақытта  өздерінің  істері   бойынша сот құжатын қарап, іспен танысуға, сот актісін  басып шығарып  алуға  болады.  Сонымен бірге «Сот кабинеті» сервисі арқылы  мемлекеттік  алымдарды да  онлайн  түрінде  төлеуге  болады. Сотта  енгізілген  жаңа  технологиялардың  қызметі  туралы  насихаттау  жұмыстары  үнемі  жүргізілуде.  Жасалып  жатқан  ізгі  бастаманың  барлығы  халық  үшін. Сот саласында қолға  алынған  жаңа  реформалардың, соңғы  жаңалықтардың  да барлығы  көпшіліктің  игілігіне  қызмет  етуде.

 

 «Сот кабинеті» сервисін қолданушылары оның мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланатынып, судьялардың және соттар мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына, азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауына оң ықпал көрсетіп отыр.

 

Алдағы уақытта пайдаланушыларға атқару парақтарын, шағымдар мен өтінішхаттарды ҚПК-нің 106 және 107-баптарына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен электрондық түрде жіберуге мүмкіндік беретін бөлімдерді ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ сот актісіне шағым беру мерзімі және сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі қызметтер іске қосылады.

 

Электронды сот төрелігі заманауи технологияларды қолданысын кеңейтуге бағытталған, сот ісін жүргізуді оңалту үшін енгізілген. Белсенді жүргізіліп жатқан жанарту процестері, алдағы уақытта электрондық соттың 100%  дамуына себепші болатыны сенімдіміз.

Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы

 Салтанат Кенжегарина.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.