Сот жүйесінде құқық бұзушылықты болдырмау

Сот жүйесінде құқық бұзушылықты болдырмау

Еліміздегі сот жүйесі - басқа билік салаларынан дара, өз қызметінде тәуелсіз, тек Конституцияға бағынатын, әрi кесiмдi шешiм айтатын үш деңгейлі соттардың жиынтығы. Қазіргі таңда мемлекетімізде қазіргі заманға сай сот–құқықтық реформалар қарқынды жүзеге асырылуда. Сот жүйесін реформалауда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының маңызы зор болып табылады. 2016 жылдан бастап бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшкенімізді атап айтқан жөн. Жүйелі нақты реформалар жүргізілуде және оның нәтижелері айдан анық. Бұл ретте сот жүйесінде құқық бұзушылықты болдырмау басты назарда.

 

Жалпы құқық бұзушылықтың алдын-алу, оларды болдырмау кез келген мемлекеттің мақсаттарының бірі, бұл бағытта сот жүйесінде де тиісті шаралар көзделіп отыр. Сот өндірістерін жүргізу тәртіптері тиісті кодекстермен реттеліп, көрсетілген. Осы мақала шеңберінде азаматтық істермен қатысты сот өндірісін жүргізу барысында қолданылатын шаралар туралы сөз қозғап өтуге болады. Қазақстан Республикасының алдыңғы әрекет еткен Азаматтық іс жүргізу кодексі 15 жылдан астам уақыт бұрын қабылданып және сот төрелігін іске асырудың мықты процестік негізін қалаған еді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 31 қазанда Мемлекет басшысы қол қоюымен қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

 

Сот төрелігін атқару барысында сотқа қатысушылар тарапынан сотқа құрметпен қарау негізгі талаптардың бірі. Судьялардың сот төрелігін жүргізу қызметіне қандай да болсын араласуға тыйым салынады және заңда көрсетілген жауапкершілікке әкеліп соғады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 9-тарауында сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 119-бабына сәйкес, сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар осы тарауда белгіленген, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабында көзделген тәртіппен, әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Заңға қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі негізінде қолданылады.

 

Сондай-ақ, сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы, осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья (сот құрамы) құқық бұзушыға дереу сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондай-ақ іске қатысатын өзге де азаматтар өз түсініктемелерін беруге құқылы.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде дайындайды, оған судьялар (сот құрамы) қол қояды.

Егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысы залынан шығып кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-ақ, егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге қызметкері, сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімі бойынша құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, бұл туралы құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі. Құқық бұзушылық туралы хаттама осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қажетті материалдармен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген соттылыққа сәйкес қарау үшін сотқа жіберіледі.

 

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарады, ол өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі және растайтын материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады.

Аталған шаралар мен оларды қолдану арқылы сот отырысында құқық бұзушылықтардың алдын-алу арқылы сот төрелігінің тиісті негізгі дәрежеде өткізілуі әрдайым басты назарда екенің атап өткен жөн.

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының аға сот приставы

 Н.Б. Байсеитов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.